Думан Рамазан: Екі оттың ортасында қалғандаймын!..

Думан Рамазан: Екі оттың ортасында қалғандаймын!..

Шыңғыс хан мен Жошы туралы тарихи драма жазып жатырмын. Бұрын-соңды не жазылды, қолым жеткен мен көзіме түскеннің бәрін қарадым, оқыдым, көп нәрсені көңілге тоқыдым. Іздеген адам бәрін табады ғой! Тіпті моңғолдың тарихи жырларына дейін тауып алып, танысып шықтым. 

Тарихи драмамнан кейбір көріністерді жұрттың ауанын байқау үшін парақшама салып қойдым. Сондағы бір байқағаным, Шыңғыс ханды – қанішер, зұлым, жауыз – дейтін бір топ, ал оны судан таза, сүттен ақ қылып шығарғысы келетін екінші топ бар екен.
Мен осы екі топқа да жақпай қалдым. Бірінші топ Шыңғыс ханды мүлде жазуға болмайды десе, екінші топ шығармамнан оның идеалды тұлғасын ғана көргісі келеді екен. Қысқаша қайырып айтсақ, Шыңғыс ханды қаралаушылар мен ақтаушылардың ортасында тағы бір топтың бар екенін білмейтін сияқты. Мәселен, өзім. Мен оны қаралаушыларға да, оған шаң жуытқысы келмейтін ақтаушыларға да жатпайды екенмін. Соны білдім. Мен қалай бар, солай қабылдағым келеді. Соған үйренгенмін.
Шыңғыс ханды қаралаушыларды түсінемін. Талай елдің шаңырағын опырып ортасына түсіріп, халқын түгел қырып салған кездері де болған. Қасиетті қазақ даласын да қанға бөктірген. Бұны қалай жоққа шығаруға болады. Қазіргі күнмен өлшесек, әрине, ол барып тұрған қанішер. Қазір милиондаған адамды қырмақ түгілі, бір адамды өлтірсең, қанішер атанасың! Бұл дұрыс, оған мен де қосыламын. Ал Шыңғыс ханның заманы мүлде басқа ғой, айналайындар. Әлсізді әлдінің талап-тонайтыны жазылмаған заң ретінде қабылданған ол кезде.
Шыңғыс ханды әлем тарихынан қалай ысырып тастағың келсе де, ысыра алмайтының сияқты, мұны да жоққа шығара алмайсың! Өйткені бәрі де бізден бұрын да жазылған, айтылған... Ал ақтаушылар ше? Осының бәрін жоққа шығарғысы келіп тыраштанады екен. Оның не керегі бар деймін де... Шыңғыс ханды қалай бар, солай қабылдау керек! Оны идеалды тұлға етіп көрсетудің түкке де керегі жоқ. Мәселен, оның ағасы Бектерді садақпен атып өлтіргенін, туған інісі Қасарды зынданға қамап қойып, ол сонда ұзақ жыл азап шегіп, ақыры аурудың азабын тартып өлгені, тіпті өз ұлы Жошыны өлімге қиғанын қалай жоққа шығаруға болады. Бәрі де өзінен, өз үйірінен бөлектенгісі келгені үшін жазаланды. Бұны қалай аттап өтуге немесе жоққа шығаруға болады?! Өйтпесе, Шыңғыс хан Шыңғыс хан болмас еді. Бәріне кешіріммен қарай берсе, ондай қуатты империя құра да алмас еді. Бір күні біреу өзін тыраң еткізер еді...
Шыңғыс ханның түбі түркі болмағанның өзінде қазақ тарихынан ажыратып алып тастау тіптен мүмкін емес. Шыңғыс хан түркі тайпаларының басын құрамағанда (тіпті күшпен болса да), бізді не қытай, не парсылар басып алып, тоз-тозымызды шығаратыны анық еді. Өйткені бір жағымыздан парсылар, екінші жағымыздан қытайлар қусырып келе жатқан...
Міне, дәл осы кезде Шыңғыс хан тарих сахнасына шықты... дер кезінде... Біз Шыңғыс ханның арқасында бірігіп, ұлы ұлтқа айналдық. Егер тайпалар күшпен біріктірмесе, өз еріктерімен ешқашан бірікпес еді... Онда әркімнің бір жемтігі болып қала берер ек... Әрине, Жошы Шыңғыс ханның құрған мемлекетіндей екінші мемлекет құрғысы келді. Соның негізін қалауға тырысты... Өзі болмаса да, ұрпақтары сол асыл ойын жүзеге асырды...
Соның арқасында біз, қазақтар осындай кең байтақ жерді бауырымызға басып қалдық. Біртұтас ұлтқа айналдық. Енді бұл жерді бізден ешкім де тартып ала алмайды. Қазақ енді бұл жерді ешкімге бермейді де...
Шыңғыс хан тұлғасына мен осылай қарап, осы тұрғыдан баға беремін. Оның бүкіл қырғын-сүргінін бір ғана ұлы ісі, арман-мақсаты ақтап тұр... Бірақ тарихта қалай болды, солай айтылуы керек!
Қарама-қайшылығына қарамай Шыңғыс ханды ұлы тұлға деп қабылдаймын, және сондай жақсы көремін. Оны кінәсіз, періште қылып суреттеуге қарсымын. Жауырды жаба тоқысаңыз, Шыңғыс ханның тұлғалық тұлғасы толық ашылмай да қалады. Одан Шыңғыс ханның абырой-беделі еш төмендемейді. Қайта айбарланып, жалдана түседі. Сондықтан оны бір жақты қаралаушыларға да, және «ананы істеген жоқ, мынаны істеген жоқ, ол мүмкін емес» деп шаң жуытпай ақтаушыларға да қосылмаймын. Өз жолым, өз көзқарасым, өз пайымым бар еркін адаммын. Сол өзімнің таным тұрғыммен қарап, солай суреттеймін. Екі жаққа да жалтақтап, жағынбаймын... Ал бағасын қойылғаннан кейін жұртшылық бере жатар...


Думан Рамазан
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста