Дінмұхамед Қонаев: Халқым, Саған қалтқысыз қызмет еттім, аманатыңа адал болдым

12 қаңтар - қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Ол - көзі тірісінде-ақ аңызға айналып, өмірден өткеннен кейін атағы тіпті аспандап кеткен тұлға. Оның 50 жыл ел басқара тұрып, жұмыстан кеткенінде төрт бөлмелі пәтерінен басқа бір артық дүниесі болмағанын ел бүгінде жыр ғып айтады. Мүмкіндігі бола тұра байлықтың соңынан кетпей, мансаптың буына мастанбай, адамдық биіктен түспеу үшін кісіге терең иман керек шығар. Осы орайда "Қонаев намаз оқыған екен", "Жұма намазын қалдырмапты", "Мешітке жиі барған көрінеді" деген халық арасында жиі айтылатын сөздер есімізге түсіп, зерттеп көрген едік.

Бекер емес екен, Қонаевтың әкесі Меңліахмет жас кезінде медреседе оқып, араб-парсы тілдерін жетік меңгерген. Кейін өз бетімен қазақ, орыс тілдерінде сауатты жазуды үйренген адам. Ал Дінмұхамед деген есімді қажылыққа екі рет жаяу барып қайтқан атасы Жұмабай қойыпты. Ол кісі немересі дүниеге келер алдында түсінде мылтық көріп, жақсылыққа жорыған. Сезгеніндей дүниеге атұстар немере келіп, есімін азан шақырып өзі қояды.

Димекең Алматының мешіттерінің барлығын білген, тіпті барып тұрған екен. Әр мешіттегі имамдардың аты-жөндеріне дейін жатқа біліпті. Жұма намазға да барған деседі. Бірақ "Бес уақыт намаз оқыды" десек, өтірік айтқанымыз болар. Дегенмен дінге көзқарасы өте дұрыс болған. Алматының мешіттерін сақтап қалуда зор еңбек сіңірген. Біраз сүрелерді жатқа білген екен. Жұбайы Зухра Шәріпқызы да діннен хабары бар, Құран оқи алатын адам болған. Көңілі, жүрегі таза болғаннан кейін де халыққа барын салып қызмет еткен ғой. Дүние жинамаған. Мұндай адамдар бірнеше ғасырда бір туады. Кейінгі жастарға үлгі етіп көрсететін адам осы - Дінмұхамед Қонаев.

Ақсақал өмірінің соңына қарай халқына "Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық.

Халқым, Саған қалтқысыз қызмет еттім, аманатыңа адал болдым, соңғы демім таусылғанша еліме, жеріме қызмет етуден танбаймын. Менің тірі пендеге өкпем жоқ, ал менде кеткен өкпе-наз болса, ақ басымды иіп, мың қайтара кешірім сұраймын. Біріншіден, үрейден аулақ болайық. Сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік. Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе ие бол. Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!" деген аманат қалдырған екен... Димекең секілді адал басшыларымыз көп болғай!

«Тұлғалар өміріндегі Ислам. 2-том» кітабынан үзінді

Марфуға Шапиян

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста