Дархан Қыдырәлі Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына арналған жиында сөз сөйледі
Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы сөз сөйледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі», деп атап көрсетіп, «адал азамат» концепциясын алға тартқаны белгілі. Сонау ілкі ғасырлардан бастау алған «кемел адам» ілімі мен «толық адам» ұстынынан тамыр тартып, ұлттың болмысын қалыптастыратын осы ұлттық қасиеттердің асыл арқауын жалғаған бірегей абыздарымыздың бірі Мәшекең деп санаймыз», деді министр.
Айта кетелік, Баянауылда «Мәшһүр жол» аудио кітабы, «Таңдамалы шығармалар жинағы» 10 томдығының тұсауы кесілді.
Сондай-ақ ақын рухына арнап ас беріліп, ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz