Бүгін - философ, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні

Бүгін - философ, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні

Бүгін ақын, философ, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге келген күні. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Шыңғыстау бөктерінде туған.Хакім Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін жалғастырушы.

Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де жеті жасына дейін сонда оқиды.

Жеті жасында әкесі қайтыс болғаннан кейін ол Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады.

Сонымен қатар Шәкәрім жастайынан ғылым-білімге ден қойып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1908 жылы А.С.Пушкиннің «Дубровский», «Боран» шығармаларын өлең түрінде аударады. Сонымен қатар, Лев Толстойдың әділет, ар жолына негізделген шығармаларын аударады. Толстойға хат жазып, ақыл-кеңес сұрайды.

Ол 1931 жылы бандылармен байланысы бар деген жалған жаламен ұсталып, атылып кетеді. Ал, 1998 жылы қайта ақталып, шығармалары қайта жарық көре бастайды.

Ол өз шығармаларынан бөлек, орыстың, батыс әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына жеткізді. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балалары» романын, Толстойдың «Үш сауал», т.б. әңгімелерін, А.С.Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің "Ләйлі-Мәжнүн" дастанын назира үлгісімен жырлады.

Шәкәрім өз шығармалары арқылы қазақ халқын дүниежүзілік озық мәдениетті игергуге, ғылым-білім үйренуге шақырды. Сонымен қатар оның бірнеше поэмаларымен әндері бар.


(Шәкәрімның әні - "Анадан алғаш туғанда")

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Адамдық борышың

Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!

Abai.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста