Бүгін Абай Құнанбайұлының туғанына 172 жыл

Бүгін Абай Құнанбайұлының туғанына 172 жыл

Қазақтың қайталанбас ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына бүгін тура 172 жыл толып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жыл сайын 10 тамызда атап өтсек те, зиялы қауымның басым бөлігі Абайдың шынында, туған күні 23 тамыз деп есептейді. 1917 жылы ескі жыл қайыру бойынша сол уақытқа дейінгі мерзімге жаңа күнтізбе бойынша 13 күннің қосылғанын ескерсек, расында да ақынның өмір есігін ашқан күнді 23 тамыз деп айтуға болады. Тіпті Қайым Мұхамедханұлының өзі көзі тірісінде соңғы нұсқаны дұрыс деп айтып кеткен деседі. Бірақ Абайдың туған күні жылдағы дәстүр бойынша 10 тамызда тойланып келеді.

Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 (немесе 23) тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өмір есігін ашқан. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлының өз заманында тобықты руына басшы, уездің аға сұлтаны болғаны белгілі. Анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәрбиесінде өскен Абай өсе келе Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде білім алған. Араб, парсы сынды шығыс халықтарының тілін білуі Абайдың алдында білімнің ұшан-теңіз көкжиегін ашып, Шығыстың Науаи, Низами, Жами, Саади, Хафиз, Фирдоусидың шығармаларын сусындатқан.

Әке талабы жас Абайды ел тірлігіне араластырып, ел басқаруға баулуды ұйғарған еді. Осылайша, Құнанбайдың еркімен 13 жасында елге қайтып келген Абай қазақ даласына ыдырай бастаған рулық қатынастардың кереғар қайшылықтары мен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын түйсініп өседі. Кейін «Болыс болдым, мінеки» дегеніндей, 1870 жылдардың ішінде Қоңыр-Көкше еліне болыс болады.

Абай ел ішіндегі жер мен жесір дауына араласып, әділ төрелік етеді. Өз өмірінде Семейге айдалып келген Михаэлис, Долгополов, Леонтьев қатарлы демократтармен таныс-біліс болған. Озық ойлы зиялылардың саяси-әлеуметтік көзқарасы Абайға да әсер еткені даусыз. Бірақ Мұхтар Әуезовтың «Кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мәдениетін мол, терең тани бастаған Абай Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың мұраларын оқып, кең, терең тәрбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеуметтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына және ұлы даналарына қиянат сөз болар еді. Абай орыстың ақын-жазушыларымен бірге Еуропаның Гете, Байрон сынды ақындарын, Спенсер, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыған.

1891 жылы Оразбай бастаған дау бірнеше жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абайға жасалған қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиіркенішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді.

«Мыңмен жалғыз алысып», «моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным» дейтін Абайдың өлеңдерінен-ақ ақын өмірінің күреске толы болғанын аңғаруға болады. Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж.ж. аралығында көбірек қолға алған.

Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін жинауды шәкірттеріне ескерткен.

Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-1898 жылдар аралығында қолға алған.

1890 жылдардан кейін Абайдың басына ауыртпалық түсіп, інісі Оспан жарық дүниемен қоштасады. Тағы бірнеше жылдан кейін әскери білім алған, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан, одан ары Мағауиядан көз жазуы ақынды біржолата қажытып жіберген еді. Қабаттасқан қайғы қасіреттерге шыдамаған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң дүние салады.

Ақынның Жидебай мекеніндегі жерленген жерінде қазақтың ұлы екі перзенті - Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр. Абайдың ақыл-ойынан туған мұрасы - айналып келгенде Алашқа үндес қазақтың ұлттық идеясы еді.

Ақынның ұлы жүрегі тоқтағаннан кейін де Әлихан Бөкейханұлының ақын шығармаларын жинақтап, басып шығаруға күш салуы, Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деп баға беруі де сондықтан.

ҚазАқпарат

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста