Бауыржан Момышұлының Қаныш Сәтбаевқа жазған хаты
Қаныш аға, Қазақ халқында соғыс майданы жөнінде көз ашып танытарлық көркем әдебиеті жоқ.
Ондай көркем әдебиет біздің халыққа осы кезде өте керек екендігі айдан анық – имею в виду, что проблема воинского воспитания – есть проблема воспитания от пеленки до штыковой атаки.
Отан соғысынан алған тәжірибеміз ата-бабамыздан қалған халқымыздың жауынгерлік дәстүр-мұралары ондай әдебиетті жазуға аумақты, көлемді, сіңімді қорек бола алады. Бірақ та ол зерттеп, қыр соңына түсіп, кебегінен дәнін елгезермен елеп алатын нысаналы, ұғымды, әсіресе соғыс, армия, әскер дәстүр-мұраларымен психология жағынан толық зеректік ғылыми тәжірибесі барлықты керек ететінінде даусыз.
«Талабы таудай болса да» жүз мың қырлы соғыс тақырыбын жалғыз жазушы үлгеруі мүмкін емес болғандықтан, құлашы жетпеске құшағын жаю болып шығатындығын еске ала отырып, әр жазушымыз сол үлкен әдебиет минаретіне: «… Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан» Абай айтпақшы қолдарынан келгенше, шеберліктері жеткенше, кірпіш болып қалануы көбіне сүндет, азына ғана парыз – міндетті борыш.
Менің ойымша, осындай өте керекті соғыс, майдан жөнінен халық ағартарлық көркем әдебиет (әскери-ағартушылық әдебиет) қазірше төменгі салалармен жиналған материалдарға сүйене отырып жазылуы керек деген ұсыныс қатарында мына жоспарды қалдырып отырмын:
1. Стихия молодости.
2. Стихия тайги.
3. Стихия преступности.
4. Стихия нрава.
5. Стихия Альпийская.
6. Перед бурей у нас тихо.
1. Жастықтың салдарынан.
2. Түлейдің опатынан.
3. Қылмыстың салдарынан.
4. Салт-сана, мінез-мерзім.
5. Асқар таудың шың-құзында.
6. Ысырап алдындағы бейғамдық.
Бұлар біздің жігіттердің, халықтың Отан соғысына дейінгі келбетін, мінез-құлқын, тәрбие-өнерін сипаттай шындықпен көрсететін жауынгерлік дәстүріне арналып жазылса.
7. Личности воина.
8. Боевой артель.
9. Стихия разума или Войны.
а) Страх.
б) Бой.
в) 2-тур.
г) Поворотный пункт.
е) Пика и наконечник.
д) Кобляки.
ж) Нудная тоска.
з) На Псков.
10. Мы потомки Меча и Стрелы.
7. Жауынгерлік тұлғасы.
8. Жауынгерлік тобында.
9. Соғыс опатының толғағында.
а) Қорқыныш.
б) Соғыс.
в) 2-екпін.
г) Беті қайтты.
е) Жау додасын бұзғанда.
д) Тартпа шалшық.
ж) Мұңды күндер.
з) Псков бет алысында.
10. Біз батырлар ұрпағынанбыз.
Барлық аты аталған кітаптарда Пушкиннің «Гордиться славой своих предков не только можно, и должно. Не уважать ее – постыдное молодушие» дегені ерекше еске алына отырып, қазақ жігіттерінің батырлығы – ел қасиеті қазақтың қазақшылығында екені айқындала, «менен бұрын жақсы қазақ тумапты» деушілердің аузына құм құйыла дәлелдене жазылса.
Айтылған тақырыптардың дәнекті нұсқасын мен өзімше орыс, қазақ тіліндегі қолжазбаларымда қалдырдым.
Мәліктің және басқа ойлап, жазып жүрген қазақ жігіттерінің жазбаларында да көбі табылады.
Біздің жазбаларымыз көбінесе «Мышление в понятиях» болғандықтан, оларды «Мышление в образе» етіп елге жеткізіп, көптің ортасына салу жазушылардың міндеті.
Бауыржан.
7. 3. 44 жыл