Баймағамбет сұлтан бәйбішесін неге қуды

…Махамбеттің жеңгесіне айтқан сөзін арада бір жыл өткенде өзге бір елде жүріп естиді…
Шамамен 1820 жылдары халық арасында ақын әрі ұраншысы болып жүрген Махамбет Өтемісұлы күтпеген жерден Баймағамбет Сұлтанның үйіне келе қалады. Сұлтанның өзі үйде болмағандықтан «ұраншы келді» деп қызметшілер бәйек болысты. Ал бәйбішесі ұраншыны күтіп алудың орынына «ауырып жатырмын»,– деп төр алдында төрт қабаттан көрпе төсетіп, көсіле жамбастап, жатқан орнынан тұрмайды. Бәйбіше «Сегізкөзім қақсап тұра алмай жатырмын»,– деп қызара бөртіп қымыз ішіп, тұруға ыңғай да танытпайды. Ал қызметшілер болса бәйбішенің қабағынан имене ұраншыға барынша ықылас көрсетеді.

Дастархан жиналып, ақын дәмге ырзалығын білдіріп, ас қайырып бата береді. Осылайша Махамбет орнынан тұрып есікке беттегенде есін бір-ақ жинаған бәйбіше:

–Уа, азулы қайыным, айыпқа бұйырма! Ауырып қалдым. Ұзай шығып, алдыңнан жолыққандарға мен туралы не деп айтасың?– деп қулана сұрайды.

Сонда Махамбет кері бұрылмастан қырын қарап тұрып:

–Төрт қабат көрпеге оранып,

Төрде жатқан жеңгені көрдім.

Үй иесі жоқ кезде,

Ас иесі домалап жатып,

Қонағы отырып жегенді көрдім.

Жақсы жеңге оранып жатса ұл туар!

Жаман жеңге оранып жатса,

Азғын болар құл туар! Енді бұл үйді желкемнің шұқыры көрсін, – деп қайырылмастан шығып кетеді. Уақыт өте Махамбеттің де айбыны асқақтап елге сыйы арта түседі. Алайда, ол Баймағамбет сұлтанның табалдырығынан қайтып аттамаған екен.

Баймағамбет сұлтан өзіне іні санап жүрген Махамбеттің жеңгесіне айтқан сөзін арада бір жыл өткенде өзге бір елде жүріп естиді. Әлгі елде қонып жатуға дәті шыдамай намыстанған сұлтан, нөкерлерін ертіп, ауылына оралады. Асығыс жүріп үйіне жеткен сұлтан ештеңеге қарамастан бәйбішесін орын-төсегімен, төрт түйе жүгімен қоса төркініне қуып жіберген екен.

munara.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста