Ажал алдындағы арыздасу...

Ажал алдындағы арыздасу...

Арыздасу – қазақ салтында бар дүние. 83-ке келген қарт журналист, 7 кітаптың авторы, белгілі прозашы Садық Смағұлов ағамыз редакцияға өзінің арыздасуын жолдап, жариялауымызды сұрады. Рас, салтымызда бар, дәстүрімізден орын алған жоралғы десек те, бұл арыздасуды жарыққа шығару бізге де оңайға түспеді. Тірі адамды жамандыққа қия алмайсың, кімнің қанша жасарын, қанша өмір сүріп, қашан дәм-тұзы таусыларын тек бір Алла ғана біледі емес пе?! Алайда, қарт журналисттің аманаттап тапсырған арыздасуын сіздердің назарға ұсынуды жөн көрдік. Салтқа жүгініп, өз тілегін жеткізген ақсақалдың аманатына қиянат жасай алмадық.

Редакциядан

Аталарымыз айтқан екен: «Сексен - келейін деген жасым ба еді. Быламық - ішейін деген асым ба еді» деп. Бүгін сол сексеннің сеңгіріне шығып өзімді өзім қамшылап, ел жұртпен арыздасып осы бәйітті жазып отырмын. Құдайға шүкір, бес інім, үш қарындасым бар. Жерлеусіз қалмаспын. Мәшүр Жүсіпше күмбезді бейітімді тұрғызып, «Қозыкөрпеш Баяндай, бір молада өлсем-ай» деп екі орындық, бір бейіт қаздыртып, төрт қабырғасын ақ кірпішпен қалатып дайындап қойдым. Бұл орысша оқытқан, қатынбасша мәңгүрт ұлдан безінгеннің белгісі. Сырт көз сыншы, не дейді өзі біледі.

Автор

Көз көргендерім-ай,
Сөз емгендерім-ай,
Қартайғанда алыстап,
Кеткендерің-ай.

Інілерім-ай,
Қарындастарым-ай,
Қолдарыңнан бұйырсын,
Топырақтарың-ай.

Бажаларым-ай,
Балдыздарым-ай,
Тату тәтті өмірді,
Қызықтадық-ай.

Құрдастарым-ай,
Ойқастадым-ай,
Кешіріңдер, Садықты,
Жолдастарым-ай.

Ауысқаным-ай,
Сауысқаным-ай,
Тоқсанбайды өлтіріп,
Адасқаның-ай.

Тумажаным-ай,
Жұқарғаның-ай
Өкпелеген ақшаға,
Күнің құрсын-ай.

Санап жүрген тектіге,
Досым едің-ай.
Өлерімде күткенім,
Осы ма еді-ай.

Сары Әлкенім-ай,
Әбді Жапарым-ай,
Топрақтарың бұйырмай,
Өлгендерің-ай.

Ақ Шырыным-ай,
Түк Бермесім-ай,
Қайырлы болсын қазасы
Күйеулеріңнің-ай.

Айайлаан Садығың,
Ауру болды-ай.
Екі жамбас тесіліп,
Жауыр болды-ай.

Қартайғанда кемпірдің
Соры болдым-ай.
Өзім қатарлы адамның,
Қоры болдым-ай.

Ажал шіркін келмей тұр,
Алып кетер-ай.
Азаппенен, қорлықпен,
Өмір өтер- ай.,

Ағыбайым-ай,
Абылайым- ай.
Сендерге айтпай,
Кімге айтам.
Мұң зарымды-ай.

Қатынына қарғатып,
Қор қылғанын-ай.
Уайыммен қартайтып,
Бор қылғанын-ай.

Көз көргендерім-ай,
Сөз емгендерім-ай,
Өмір қайта келмейді,
Хош болыңдар-ай.

Ұрпақтарым-ай,
Қазақтарым-ай,
Алмағайып заманға,
Тап болдыңдар-ай.

Бірің силап біріңді,
Дос болыңдар-ай.
Бір құдайға тапсырдым,
Хош болыңдар-ай.

Садық Смағұлов


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста