«Ат тілі» емес, «Құдай кәрі» немесе «Аттила» кім еді?

Астары қалың тарихымызда есімдері әлем жұртшылығының есінен кетпестей етіп жазылған тұлғалардың бірі әрі бірегейі гүндердің патшасы Әділ, Еділ, Ата-Эль (Аттила) десем, жаңалық ашқаным емес. Айбыны асып, жарты әлемді табанға басып, жер-жаһанның байлығын иемденген, алтынға шомылған Рим империясын тәубесіне келтірген осы Еділ бабамыз туралы ол ғұмыр кешкен бесінші ғасырдан бері он алты жүзжылдық бойы әртүрлі әңгімелер әлі де айтылып келеді.

Қаһарлы Римнің қабырғасын қақыратқан, халқын қалтыратқан Еділ бабамыз кім еді? Мұны біздің дәуірімізге дейінгі тарихшылардан бастап, бүгінгі көне ғасырлар қойнауына бойлап жүрген зерт-теушілер әлі күнге дейін бір ізге қоя алмай келеді. Осындағы ең басты түйткілдердің бірі оның есіміне, шығу тегіне және қазасына келіп тіреледі.

Алдымен қалған екеуіне тоқ-талмай-ақ, есімінің әрқилы аталуы-ның астарына бойлайық. Мені бұған итермелеп отырғаны — өткен жылы халықаралық «Қазақстан ZAMAN» газетінде ұлы гүннің есімі «ат тілі» дегеннен шыққан деген үстүрт пайымдаудың жариялануы. Мұның өзі ешқандай қисынға келмейтін сыңайлы. Өйткені «ат тілі» дегенді мақаланың авторы біздің тілімізге орайластырылып, «Аттиладан» тарқатады. Бұл — мүлде негізсіз пікір. Себебі бүгінгі дәуірден он жеті ғасыр бұрын жасаған гүндердің тілі қазіргі қазақ тіліне сәйкес келеді деген пікірді ешбір “мен” деген лингвист батылы жетіп айта алмайды. Тіл категориясы — өте күрделі, заманмен бірге жасап келіп, жаңарып, өзгеріп кете беретін, эволюцияға ұшырамай қоймайтын ұлттық белгі. Сондықтан турасын айтайын, төртінші ғасырдағы гүндердің тілі бүгінгі қазақ тіліне мүлде жанаспайды! Әттең, мақала авторы мұны ескермеген.

Ал «Аттиланың» астарында латын тілінің әсері бары анық. Әдетте, римдіктер өздерінің аса қуатты әрі қатерлі жауларын лақап есімдермен атап отырғанын Приск (Византияның саясаткері және тарихшысы, V ғасыр) пен Иорданның (Рим тарихшысы, VІ ғасыр) жазбаларынан білеміз.

«Аттиланың» «Ат тіліне» еш-қандай жақындығы жоғына архаизм заңы дәлел бола алады. Мысалы, ІV-V ғасырларды ауызға алмай, ХV жүзжылдықта ғұмыр кешкен Қазтуғанның, Жиембеттің, тіпті олардан кейінгі Бұқардың сөз қолданыстарында бүгінгі қазақ тіліне орайы келе қоймайтын сөздер, тіркестер жетіп жатыр емес пе? Ендеше, «Аттила» мен «Ат тілінің» жақындығы — мақала авторының зорлығымен, лингвистика заңдылығына бағынбай жасаған «жаңалығы».

Егер мақала авторы осы екеуін туыстастырса, «Ат тілінің» әкесі Мундзуктың, оның ағасы Ругиланың бүгінгі есімдерін бүгінгі тілімізде қалай атар еді? Бұлардың қазақ тіліндегі баламалары қалай болар еді?

Меніңше, Шығыс және Батыс Рим империяларының императорлары есімін естігенде ұйқыларынан шошынып оянатын гүн бабамыздың шынайы атын тарихшылардың ешқайсысы тап басып айтып бере алмайды. Бұған айтатын уәжімнің бастысы мынау: ерте ғасырларда Аттила сияқты ұлы қолбасшылардың бірнеше есімдері болған. Бұл — олардың өміріне ішкі-сыртқы жаулардан туындайтын қауіп-қатерден сақтанудың амалы. Мысалы, Аттиладан жеті ғасыр кейін ғұмыр кешкен Шыңғыс ханның Тэмучин, Тимур, Тимуржин және басқа да бірнеше есімдері белгілі. Ал белгісіздері қаншама?!

Ендеше, Аттиланың есімдері де жетерлік. Айталық, «Этцель», «Адель», «Идель», «Итиль»…
Оның әкесі Мундзук деп аталса, лақап есімі Омнудия екен. Әкесінің інісі Ругила деп аталса, басқа есімдері — Рухиль, Руа, Роидь…

1970 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған және кейін ҒА-ның Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет-өнер институтында қызмет істеген кездерден бастап, бүгінгі күнге дейін індете оқып, зерттеп жүрген аса құнды дәйектерге сүйене отырып айтсам, «Аттила» сөзінің төркінін латынша «Құдайдың кәрі» дегеннен тарқатқан қисынды. Өйткені гүн патшасы Рим империясының тас-талқанын шығарғаны барша әлемге аян. Сондықтан римдіктер ұлы гүнді «Құдайдың қаһары» деп атаған. Ал Виргилийдің, Овидийдің, Цицеронның қолданысындағы көне латын тілі аса келтелігімен, ықшамдылығымен таңғалдырмай ма? Мысалы, Гай Юлий Цезарь өзінің Римнің жауларын жеңгенін Сенатқа «Вэни, види, вици!» деп келте ғана хабарлағаны белгілі. Бұл — «Келдім, көрдім, жеңдім!» деген ұғым.
Олай болса, «Аттиланың» төркіні — «Ат тілі» емес, «Құдайдың кәрі».

Зейнолла Әкімжанов,
ақын, Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі,
Петропавл қаласы.

«Қазақстан-ZAMAN» газеті 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста