"Ардагер Амангелді – ердің ері"

Бір ғасырды бір ғасыр алмастырып, жаңа тарих туса да сол тарихты жасаған тұлғалардың есімдері асқақ­тап, ұлықтала бермек. Осын­дай тарихи тұлғалардың бірі, 1916 жылғы ұлт-азаттық кө­терілістің қайраткер қол­бас­шысы, батыр-сардар Аман­гелді Имановтың дүниеге келге­ніне биыл – 140 жыл.

Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі – Аман­­гелді Үдербайұлы (1873-1919) қа­зақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық кө­терілісін ұйымдастырушылардың бірі, шын мәнісіндегі халық батыры ретінде бел­гілі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл бо­лысында туған Амангелді әуелі ауыл мол­дасынан екі жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәш­мағамбет ишандардың медресесіне түскен. Медреседе төрт жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерген. Әке­сінен жеті жасында жетім қалып, жоқшылық тау­қы­метін ерте тартқан. Ел ішіндегі дау-шар­ға ерте араласқандықтан, Ресей им­пе­рия­сы­ның жергілікті билеушілерінің қу­да­лауы­на ұшырап, 1896-1911 жылдары ара­лы­ғында бірнеше рет түрмеге қамалған.
Сан ғасырлық отарлық езгінің бұғауы шешілмеген соң, қазақ батырлары патша өкіметіне қарсы небір жалынды күрестер ашты. Күрескерлік рухы Амангелдіні де бейжай қалдырмады. Патшаның отарлық сая­саты, бірінші дүниежүзілік соғыстың қар­­саңында елдегі алым-салықтың көбеюі, Қазақстан, Орта Азия, Сібір бұра­тана халықтарын тылдағы жұмысқа алу жө­ніндегі патшаның 1916 жылғы 25 мау­сым­дағы Жарлығы Торғай қазақтарының ашуын туғызып, бас көтеруіне себепші бол­ды. Амангелді Имановтың қолбасшы­лық, ұйымдастырушылық қабілеті осы кө­теріліс барысында айқын көрінді.
Торғай қазақтарының көтерілісіне қа­тысу­шы бас-аяғы 50 мыңға жуық көтері­ліс­ші-сарбаздарды басқарып, оларды қару-жарақпен қамтамасыз ететін ше­берханалар ұйымдастырды. Қостанай, Ыр­ғыз, Торғай, Қызылорда, Ақтөбе, Ақ­мо­ла, Семей сынды аймақтардан көтері­ліс­ке қатысуға жиылып келген қазақтардың басын біріктіріп, оларға ұрыс жүргізу тәсіл­дерін, қару-жарақты қалай қолдану керек­ті­гін үйретті. Бұл жай ғана қарапайым ха­лық­тың наразылығы болған жоқ. Тарихты дүр сілкіндірген, саяси сипат алған көтері­ліс болды. Алайда «Батыр – аңғал» деген қа­зақы пәлсапамен келсек, Амангелдінің қызу­қандылығын көп адам өз пайдасына ше­шуге тырысты.
Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жал­ғасты. Амангелді 1918 жылы наурыз­дың 21-і мен сәуірдің 2-сі аралығында Орын­борда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-сында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жыл­дан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» филь­мін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Бір ескерер жайт – тарихи деректер мен құжаттарда Амангелдінің қалай қазаға ұшы­рағаны туралы нақты пікір айтылмай­ды. Бар болған күнде де түйінді ой негіз­дел­мей, белгісіз күйде қала береді. Қалай дегенмен де, ел үшін жан беріп, жан алыс­қан, жастайынан жетімдіктің шекпенін жа­мылып, қиян-кескі ұрыстарға толы ғұмыр кешкен, «Ардагер Амангелді – ердің ері!» деген шынайы бағасын алған батырдың есімі тарих парағында мәңгілікке таңбала­нып қалды.
Амангелді бейнесі қалай кейіптелді?
Амангелді Имановтың суретін салу үшін Әбілхан Қастеевтің көп тер төгуіне тура келген. Ақырында әркімнің суреттеуі­мен, көзін көргендердің бедерлеуімен батыр суретінің эскизін салады. Ал суретші эскиз­ді ел адамдарына көрсеткенде сурет­тің айнымаған Амангелді Имановтың өзі бо­лып шыққанын айтып, таңғалыпты. «Аман­гелді бейнесін іздегенде екі түрлі тари­хи материалдарға сүйенген едім. Оның біріншісі – документтік (архивтік) ма­те­риалдар, онда Амангелдінің суреттері бол­ма­ғанмен, батырдың құрған отряды, жүр­гізген жұмысы туралы деректер жазыл­ған. Сондай деректерге толық түсініп алу ке­рек болды. Екіншісі – батыр туралы халық аузындағы аңыз-әңгімелер. Олар Аман­гелдіге байланысты оқиғаларды, оның түр-сипатын, келбетін, іс-әрекетін, мінез-құлқын қолмен қойғандай етіп айтатын. Осындай материалдарды мол зерттей келіп, дұрыс түйіндегенде, іздеген бейнең ойдағыдай шығатынын байқадым. 1940 жылы Қазақстан үкіметі мен жасаған Амангелді портретін мақұлдап берді», – дейді Қастеев өз естеліктерінде. Осылайша Амангелдінің образдық бейнесін тапқан қылқалам шебері батырдың жорықтарын сипаттайтын бірнеше ірі картиналар са­лады. Қастеев қаламынан туған картина­ларда халық батыры Амангелді тек күштің иесі ғана емес, сабырлы да салмақты, ойлы тұлға ретінде бейнеленеді.

Бір пікір
Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Саяси көзқарас тұрғысынан Аман­­гелді жолайрығында тұрды. Алаш­орданы қол­дау керек пе әлде қызыл­дарды қолдау керек пе? Бұл – тек Амангелдінің ғана емес, сол тұстағы Алаш азаматтарының көп­ші­лігінің ба­сын­да болған трагедия, яғни қате жол­ды таңдау трагедиясы. Әри­не, Аман­гел­ді – сардар, Алаштың батыр ұл­дары­ның бірі, халықтың қайсар батыры. Алайда Амангелді қазақтың ардагер азаматы болғанымен, оның таңдаған жолы дұрыс болмай шықты. Кеңес үкіметі қазақ­тың маңдайына қасірет болып жабысты. Аман­гелді осылай болатынын білді ме? Әри­не, білген жоқ...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста