Алтын адам жазуының құпиясын ашқан ғалым

Биыл Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан әлемдегі тұңғыш физик Мағрипа Жылқыбаеваның туғанына 75 жыл. Алтын адамның күміс зереншесіндегі 26 таңбасын оптика ілімі арқылы зерттеумен айналысқан ғалым еліміздегі және шет елдердегі 1000-нан астам жартас жазуларының, көне каллиграфиялық суреттердің шифрын ашып, артына мол мұра қалдырған.

Жуырда Алматыдағы Ұлттық кітапханада Мағрипа Шөжеғұлқызының ғылыми мұрасына арналған халықаралық конференция өтті. Шара аясында Мағрипа Жылқыбаеваның «Алтын адамның аманаты. Есік қорғанының жаһандық құпиясы», «Алтын адамның мұрасы. Сақ қорғандарының құпия тілі - 300 мың жылдық өмірнаме» және «Құпия күштер құдіреті» деп аталатын үш томдық еңбегінің тұсаукесері өтті.

Жиынды Жапонияның қоғам қайраткері Имайо Юджи ашып, Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми мұрасының Жапония үшін маңызы ерекше екенін атап айтты. «Жапонияда ежелгі дәуірде Шйотоку Тайши деген мемлекет қайраткері болған. Мағрипа Шөжеғұлқызының еңбектерінде Алтын адамның жапон өркениетіне қатысы туралы мәні терең, құнды деректер көп» дей келе, ғалымның мұрасы Күншығыс еліне кеңінен насихатталатынын айтты.

Физик ғалымның еңбектерін зерттеуші қаламгер Болат Шарахымбай: «Мағрипа Жылқыбаева &ndash кванттық физика ғылымы арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғанынан табылған Алтын адам мұрасы бойынша протодәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасап, осы сала бойынша 25 том кітап жазған ғалым. Адамзат баласының елу мың жылдық арғы тарихына бойлап, байырғы жаһандық тұлғалар өмірін суреттеп, ежелгі дамыған өркениеттердің ғажайып құпиясын бүгінгі күнге жеткізген бірегей зерттеуші. Анау қазақ даласынан бірінен соң бірі табылып жатқан Алтын адамдардың Планеталық деңгейдегі ерекшеліктерін зерттеу арқылы Сақ қорғандары мен Көк Түрік пирамидаларының құпиясын тұңғыш ашқан оқымысты. Міне, қолға тиіп отырған үш томдықтың «Алтын адамның мұрасы» және «Алтын адамның аманаты» аталатын 2, 3-ші кітаптары осы тақырыпқа арналады» дей келе, «Өкінішке орай, ғылымда осындай ерліктің үлгісін көрсеткен ғалымның көзінің тірісінде бір де бір кітабы жарық көрмепті. Сонда өз таланттарын бағалауға, қолдау көрсетуге тиіс мемлекет қайда қарап отыр?» деп сөзін түйіндеді.

Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, профессор Бауыржан Жақып физик ғалымның қазақтың атын әлемге танытқан ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың елге беймәлім болып келген құпия қырларын ғылыми тұрғыдан зерттеп жазған «Құпия күштер құдіреті» деп аталатын көлемді кітабына жоғары баға беріп, ғылымда бұрын-соңды болмаған тың дүние екенін атап айтты.

Жиында баяндама жасаған «Нұрлы әлем» баспасының басшысы Жарылқасын Дәулет «Петроглифтерді, көне заман жәдігерлеріндегі шифрлы жазуларды кванттық оптиканың көмегімен оқу &ndash Мағрипа Жылқыбаеваның əдісі болып табылады» дей келе, ғалымның жаңадан шыққан үш томдығының энциклопедиялық маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, Қазақстан-Жапония Адам ресурстарын дамыту орталығының директоры Жанар Оразғалиева, Есік қаласынан арнайы келген Қазақстанның құрметті журналисі Шаяхмет Құсайынұлы, жазушы Орысбай Әбділдаұлы сөз сөйлеп, Мағрипа Жылқыбаева еңбектерінің ерекшелігіне тоқталып, ғалымның азаматтық тұлғасы туралы естеліктер айтты.

Жиынды жүргізген жазушы Ертай Айғалиұлы әлемде тұңғыш рет ежелгі дәуірден жеткен құпия жазу үлгілерін, таңбаларды кеңістік бойынша оқудың əдісін тапқан ғалым Арасандағы және Іле бойындағы Будда жазуларын, Орта Азия мен Жетісу жартастарындағы көне таңбалар мен петроглифтерді дешифрлеген Мағрипа Жылқыбаева мұрасының мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығына тоқталды.

Шара аясында кванттық физика арқылы әлемде тұңғыш рет прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасаған жаратылыстанушы ғалым еңбектеріне арналған «Ғылым-ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Алтын адам жазуының құпиясын ашқан ғалым» деп аталатын бейнетүсірілім көрсетілді.

Осы күні Алматы облысы Жамбыл ауданында Мағрипа Жылқыбаева атындағы «Алтын адам» ғылыми музейі ашылды. Лента қию рәсіміне Жапонияның бірінші дәрежелі архитекторы Имайо Юджи мен Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген метро құрылысшысы, Мағрипа Жылқыбаеваның шәкірті Базар Самаликов қатысты.

Салтанатты жиында Такэда Масано, Амано Тэцуя, Канджи Фудзий сияқты Жапонияның көрнекті ғалым-профессорларының жеделхаттары оқылып, жазушылар, дипломаттар мен халықаралық ұйым өкілдері, өңір басшылары сөз сөйледі.

Жаңадан жарық көрген Мағрипа Шөжеғұлқызының кітаптары Жамбыл орта мектебіне және республикалық кiтапханаларға таратылды.

Амано Тэцуя, Хоккайдо университетінің құрметті профессоры:

&ndash Мен Мағрипа Жылқыбаеваның екі қырын ерекше атап өткім келеді. Біріншіден, ол &ndash радиацияның кристалдарға әсері бойынша көптеген ғылыми жаңалықтар ашқан ғалым, ғылыми-педагогикалық ғұмырында талай білікті маман тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз. Екіншіден, ол қатардағы зерттеуші, қарапайым мұғалім емес, ой-өрісі кең, ғылыми-творчестволық қуаты зор адам болатын. Ол үкіметтің қолдауынсыз Қазақстанның Есік қорғанынан шыққан күміс зереншесіндегі 26 таңбаны физика ғылымындағы әдістерді пайдаланып зерттеп, 1999 жылға дейін үлкен-үлкен үш том кітап болатын тексін шығарды. Оған қоса Орта Азияның жартастарындағы петроглифтерді расшифровкалады. Оның ішінде Алматы облысындағы «Будда жазулары» деп аталатын жартастағы текст пен Іле бойындағы Будда суреттерінің де құпиясын ашқан...

 

Өз тілшімізден

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста