Абай әлеміндегі әйелдер бейнесі

Абай әлеміндегі әйелдер бейнесі

 Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың көркем прозасын биікке көтеріп, әлем әдебиетіне жоғары эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Бұл романда бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын, әрқайсысы өз болмысымен, келбетімен, ішкі сырымен ерекше болып көрінетін әйелдер бейнесі бар.

Осы орайда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Сыр өңіріндегі №12 кітапхана «Абай әлеміндегі әйелдер бейнесі» атты оқырмандардың ой толғауын ұсынды.

«Ар-ожданы тап-таза иманнан құйылғандай, жүзі мейірімге толы Зере әжелерің үлгісі іспетті. Салқын қанды, сабырлы, ақыл иесі Ұлжан аналардың үлгісіндей. Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай, былдырлаған тілімен бар сырын Абайға ғана құпия баян ететін аппақ ару Тоғжан алыстағы қол жетпес арман секілді махаббаттың үлгісі секілді. Әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Айгерім жас жігіттің сұлу жарының үлгісі. Абайдың әжесі Зерені барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған.

Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраһимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абайдың өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. Ұлы жазушының шығармасында бейнеленген негізгі тартыс әділет пен зорлық, тұтастық пен алауыздық, білім мен надандық, махаббат пен ғадауат майданында түптің түбінде бірлік пен берекенің жеңіске жететінін айтқан.

Өзі сүйген жолға барлық күш-қайратын аямай төгіп, саналы ғұмырын арнаған адам ғана қазақ халқының келешегі бола алады», - деп басталған бейнематериал оқырмандардың «Абай жолы» романындағы әйелдер образы туралы пікірлерімен жалғасқан.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы айта отырып, қазақ әйелдерінің әсем образдары арқылы қоғамдағы адамгершіліктің ана тәрбиесінің нәтижесі екендігін көреміз. Мұхтар Әуезов жазған тақырыбының астарына сүңгіп барып, тарихи салыстырулар жасайды. Жазушы «Отан отбасынан басталады» дегендей әйелді қоғамдық ортаның ұйытқысы ретінде танытады.

Ерлер өздерімен өздері, ал балаларына қарап, оларды айрандай ұйытып отырған – әйел. Осы әйелге теңдік көрсетпей, күң қылып ұстау бір адамға ғана емес, қоғамдық ортаға да қиянат жасаумен тең. Өйткені, осы қоғамдық ортадағы адамгершілік ананың берген тәрбиесінен деп есептелінеді», - деп пікір білдірді Ақсүйрік есімді жас оқырман.

«Әйелдер – әдебиеттің мәңгілік тақырыбы. Себебі, өткен ғасырдың орыс әдебиетінде танымал «Тургенев әйелдері» болатын болса, қазақ әдебиетінде «Әуезов әйелдері» деп атауға болады. Осылай атауға негіз бола алатын мына бір эпопея керемет бейнелермен толықтырылған.

Ол – Мұхтар Әуезовтің «Адамзаттың негізі – әйел» деген бір ойы еді», - деп оқырмандар әлеуметтік желі арқылы пікірлерін білдірді.

Skifnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста