4 млн қазақты қырған Сталин қылмысын қалай жасырғанын білесіз бе?

Сталин салған лаң КСРО-ның 20 миллион халқын жалмап, бұратана ұлттарды адам төзгісіз күйге түсірді. «Оның 7 миллионы — украиндар, 7-8 миллионы — қазіргі РФ территориясындағы халық және 4,5 миллионы — қазақтар».

 

Енді ойлаңызшы, осындай цифрды әлем қауымдастығынан жасырып қалу мүмкін бе еді?

Не болды ол кезде дейсіз бе?.. Барлығы жабылып, Сталинге қылмысын жасыруға көмектесті. Қандай қылмыс екенін жалықпай тағы бір еске түсірейік…

КСРО өз қарамағындағы елдерді күштеп отырықшыландырды. Мамыражай отырған халық бір күнде күнкөріс көзі — бар малынан айырылды. Не өкіметтің айтқан жеріне бару керек, не болмаса бас сауғалап елден кету керек. 1930 жылдары осындай екі таңдау болды. Қазақтың көбісінің басқа жаққа кетуге жағдайы болмады, оған мүмкіндік бермеді.

Осымен бітсе жақсы ғой. Барын тартып алған халыққа Совет өкіметі түрлі салық салды. Жұтаған халықты одан сайын қанады. Осылайша 1,5 шаршы шақырым территориядағы 69,5 миллион халқы бар елді-мекенге аштық кейпіндегі тажал да келіп жетеді. Ол 20 миллион адамды адам төзгісіз жағдайда «жалмап» тынады. Аштықтан арып-ашыған халыққа, өкінішке қарай, сырттан көмекке келер біреу де табылмады. Әйтпесе шетел, әсіресе ұлы державалар КСРО территориясындағы бұл масқара оқиғадан хабардар еді.

Негізінен, қынадай қырылып жатқанда әлемдік қауымдастықтың бұлайша үнсіздік танытуы, бүгінгі халықаралық нормалармен, ар-ождан пактілерімен алып қарастырғанда қылмыспен пара-пар боп саналады.

Олар мұны білді, біле тұра қылмыскердің сыбайласы болғанды саналы түрде жөн көрді.

Неге дейсіз бе?
Себебі оларға Сталин нацистік Германиямен соғыстыру үшін керек болды. Өз қолдарын былғап қайтеді? «Мен дайын» — деп мына жақта көзі қанталап Сталин тұрғанда. Осылайша өзге әлем аштан өлгенімізге қарамақ түгілі, тағы бір қанды қырғынға онсыз да титықтаған КСРО халқын айдап салды. Иә, ІІ-дүниежүзілік соғыста тағы қырылдық емес пе?..

Сөйтіп Жер шарының түкпір-түкпірінде КСРО өңіріндегі жаппай ашаршылықты жасырып-жасқаған ұжымдық акциялар белең алды.

Нью-Йорк Таймс және өзге де америкалық басылымдар КСРО-ның қолдан ұйымдастырған ашаршылығын жасырды.

Сталин шетелдік комиссия үшін алдын ала әзірленген турлар ұйымдастырды: дүкендер тамаққа, азық-түлікке лық толтырылды, ал дүкенге 10 метр жақындаған адамдар сол арада атып тасталды, қамауға алынды, көшелер лезде сумен шайылып, тазаланып отырды, ал барлық шаруалар коммунистік партияның адамдарымен алмастырылды.

Ұлыбританияның Герберт Уэллсі (H G Wells) және Ирландияның Джордж Шоуы (George Bernard Shaw) ашаршылық туралы сыбысқа негіз жоқ деп мақала жазып, ақпарат таратты. Сонымен қатар Франция премьер-министрі Украинада болып қайтқан соң бұл өңірді «жайқалған бақ» деп өтіріктен беті былш етпей, суреттеп, шетелдік газетке мақала жазады.

Бұл уақыт аралығында 1937 жылғы халық санағы қорытындысы «жер асты» қойнауына жөнелтіліп, ашаршылық салдары да жойыла бастаған еді. Ашаршылық құрбандары саны Холокостпен пара-пар болғанымен, адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде бұл ашаршылықтың бағасы тек соңғы онжылдық барысында беріле бастады.

 

 

qasym.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста