37-жылғы зобалаңда басқаны былай қойғанда, рушылдықтың, мансапқорлықтың ізі сайрап жатыр

ЖАЗУШЫ САФУАН ШАЙМЕРДЕНОВТІҢ ОЙ-ТОЛҒАМЫНАН:

Өз заманынан ұлттық санадан озық туған Абайға, Біржанға, Ақанға, Ахметке, Жүсіпбекке, Мағжанға не көрсетпеді бұл қазақ. "Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын", – деп Абай зарлап өткен жоқ па? Бұл зиялылардың да, халықтың да трагедиясы. Халқымыз екі жақты езгіде болды. Россияның екі басты самұрығы шеңгелімен бір жағынан сығымдаса, екінші жағынан ұлт-азаттық көтерілісімізді өз ішіміздегі "бесінші колонна" тұншықтырды. Ал 37-жылғы зобалаңда басқаны былай қойғанда, рушылдықтың, мансапқорлықтың ізі сайрап жатыр. Мен, мәселен, Сәкеннің жолдасы Гүлбаһрам, Бейімбеттің жолдасы Күлжамал, Ілиястың жолдасы Фатима апалармен әңгімелескен адаммын. Үшеуін де күйеулері ұсталғаннан кейін үйлерінен қуып шыққан бір-ақ адам – қазіргі академик. 1961 жылы Жазушылар одағында болған жиналыста Гүлбаһрам да, Фатима да осыны дүйім жұрттың көзінше айтқан. Шындықтан ешқайда қашып құтыла алмайсың, одан жасырына да алмайсың. Ең абзалы – арың таза болсын.

Әсет Ақмолданың Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста