Ақша жайлы қызықты наным-сенімдер

Ақша жайлы қызықты наным-сенімдер

Ақшадан тарыққанды ешкім де қаламайды. Ал ақшаның көп болғанын армандамайтын пенде кемде-кем болар. Әсіресе, ақшаға қатысты наным-сенімдерді берік ұстанатын жандар көп.

Қай ұлттың наным-сенімдерін алсаңыз да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бip мақсат – ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше – көбейту. Бүгінде жастар арасында да ақшаға қатысты наным-сенімдер мен ырым-тыйымдар жетерлік. Олай болса осы ақшаға қатысты бүгінгі таңдағы наным-сенімдер туралы айта отырайық.

1. Ақшаны таза жерде ұстау керек, және таза жолмен табу керек. Оңай келген ақша, оңай жоқ та болады.

2. Егер ciз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн. Мұны дүкенге барғанда талай рет аңғарған боларсыз.

3. Қызыл түсті әмиян ақша шақырады деген түсінік бар. Көбіне туған күн кештерінде осындай сый жасап жатқанда бұл туралы талай естіген де шығарсыз.

4. Ақшаны алған күні жаратуға болмайды. Ертесінен бастап аздап қажетіңізге жұмсай бастасаңыз болады.

5. Әмиянға тек ақша ғана салыңыз. Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және өзіндік құны бойынша орналастыруға дағдыланыңыз. Сонда ақшаңыздың құны болады деген түсінік бар.

6. Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша немесе алтын, күміс көрсетіп: “Жаңа ай қалай өciп келе жатса, маған сондай ақша келсін” - деп айтылған.

7. Сейсенбі күні қарыз сураудан аулақ болыңыз, кем дегенде бip ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар.

8. Ірі көлемдегі ақшаны таңертең жуынып болған соң санау керек деген де түсінік бар.

9. Әр уақытта ақшаңызды әмиянда ұстаңыз. Ақша қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса кіріс кірмейді. Яғни бұл ақшаның да өзін баптамайтын жерге барғысы келмейтіндігімен түсіндіріледі.

10. Кешке ақша беруге, санауға болмайды. Ал ақша берген күннің өзінде қолына ұстатпау туралы ырым бар.

11. Ас үйдің дастарханының астында үнемі тиын тұру керек деген де түсінік бар. Сондай-ақ, адамдар соңғы тиынын қалтатүп ретінде сақтайды.

12. Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз. Солар секілді бай боласың деген жақсы ырым бар.

13. Ақшаны сол қолымен алып, оң қолымен беретіндер бар. Бұл да наным-сенімнің бірі.

Бәлкім, сізде ақшаға қатысты осы наным-сенімдердің бірін ұстанатын, болмаса ұстанған боларсыз. Мүмкін, біз айтпағаны да бар болар. Айта отырыңыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста