Жыр арқауы – Астана

«Жақында елордамыз Астананы жырлайтын мүшәйра ұйымдастырылады» деп естіп едім. Шығармашылық байқаудың талап-шарттары қандай?
Айбек Есенаманұлы, Алматы облысы
Бұл мүшәйра «Астананың 15 жылдығы» мерекесі құрметіне «Жарқыра, жайна, Астана!» деген атпен өткізілмек.
Мүшәйраны елорда әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы және Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы ұйымдастырып отыр. Бәйгені Тәуелсіз Қазақ елінің өткен күрделі тарихын, бүгінгі ерен жетістігін, болашақ ұлы арманын ұлттық рухпен көмкере отырып, көркем тілмен кестелей алған ақындар иеленеді.
Бас жүлде – жеңіл автокөлік.
Бірінші орын – біреу.
Екінші орын – екеу.
Үшінші орын – үшеу.
Ынталандыру сыйлықтары – бесеу.
Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген өлеңдер, толғаулар, поэмалар қабылданады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды. Ұйымдастырушылар Астанаға келіп-кету жол шығыны мен жатар орын мәселесін жеңімпаздардың өздері шешетіндігін ескертеді.
Шығармалар төмендегі мекенжайға жолдануы тиіс:
Астана қаласы, Әуезов көшесі, 20 «А». «Сәкен Сейфуллин мұражайы» МКҚК. Индекс: 010000, Seifullin_museum@mail.ru. Байланыс телефоны: (8-7172) 32-84-67, (8-7172) 53-34-03.
Жүлдегерлер сыйлығы 2013 жылдың 1 шілдесі күні Конгресс-Холл сарайында салтанатты түрде тапсырылады. Бәйге алған шығармалар «Алтын тамыр» журналында жарияланады, әрі жеке кітап болып басылады.





