Таяуда М.Әуезов атындағы әкемтеатрда «Жынойнақ» деген жаңа қойылымның тұсауы кесіліпті. Бара алмаған едім, не жайлы екен, жалпы қойылым жайлы толығырақ ақпарат берсеңіздер екен?
Нұрлан Байдулла, Алматы қаласы
Америкалық драматург Дональд Кобурнның «Жынойнақ» атты шығармасын қазақшаға аударып, сахнаға лайықтап жазған қоюшы-режиссер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаев. Қарттар үйінде тұрып жатқан Веллер мен Фонсия карта ойнап отырып өмірлері туралы әңгіме тарқатады. Джин ойынының шебері Веллер Фонсиядан бірнеше рет ұтылып, әңгімелері бірте-бірте дауға айналып кетеді. Қызғанышқа бой алдырған Веллердің жан дүниесі осылай үшке жарылады. Режиссерлер Ермек Аманшаев пен Алма Кәкішева бұл туындыны қазақ көрермендеріне басқа қырынан көрсетуге тырысқан.
Басты кейіпкер Фонсияның рөлін Қымбат Тілеуова, ал Веллердің көңіл-күйінің екі кезеңін актерлер Төлеубек Аралбай, Құман Тастанбеков сомдаса, карта құмардың ашуын салу Бауыржан Қаптағайға жүктеліпті.
Жазушы Дональд Кобурн болса, 1976 жылы дәл осы «Жынойнақ» үшін Пулитцер сыйлығына ие болған екен.
«Жынойнақ» – жан дүниені кейіпкерге айналдырған туынды
Последние статьи автора