Жуырда Байқоңырдан зымыран ұшырылғанын білеміз. Соған байланысты Қызылордада құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Неге? Зымыранның ұшырылуы кезінде төтенше оқиғалар болды ма?
Руслан Наурызбаев, Қызылорда облысы
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мамандарының мәліметінше, қыркүйектің 17-сі күні сағат 21.55-те «Байқоңыр» айлағынан «Союз-2.1б» зымырантасығышы бар «Метеор-М» ғарыш жабдығы ұшырылды. Ұшу штаттық бағдарламаға сай орындалған, яғни ешқандай төтенше оқиға болған жоқ. Бірақ әдеттегісінше, осы күні сағат 19.55-тен бастап, төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары, апаттық-құтқару қызметтері мен арнаулы техникалар күшейтілген дайындыққа келтірілген. Мұндай дайындық Қызылорда облысында ғана емес, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында да қолға алынды.