Жұмысынан айырылған (қысқартуға түскен) адамға жұмыс тарапынан тиісінше ақшалай төлем жасала ма?
Мейрамхан ОСПАНОВ
Сіздің сұрағыңызға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысы Айсаным Юсупова жауап береді:
– Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 157-бабына сәйкес, жұмыс берушi мынадай жағдайларда: жұмыс берушi – заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi – жеке тұлға қызметiн тоқтатқан жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда; қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемi жүргiзіледi. Аталған өтемақы қызметкерге оның кезекті еңбек демалысын пайдаланғанына және материалдық көмек алғанына қарамастан төленеді. Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 қаулысымен айқындалады.
Жұмыстан қысқарған адамға өтемақы төленеді
Последние статьи автора