Жұмыстан босағанда сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?
Мен аудандық мекемелердің біріне 2010 жылы жұмысқа орналасқан болатынмын. 2011 жылдың қазан айында еңбек демалысына шығып, бір жолғы берілетін сауықтыру төлемін алдым. Енді 2012 жылдың мамыр айында өз еркіммен жұмыстан босатылсам, маған бір жолғы сауықтыру жәрдемақысы мен еңбек демалысы беріле ме?
Марат ӘЛІМХАНОВ, Қарағанды облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мамандарының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы еңбек демалысына шыққан кезде беріледі, яғни аталған жәрдемақы жұмыстан босатылған кезде төленбейді.