Теледидардан кейде білдей шенеуніктердің, депутаттардың жиналыстар мен отырыстар кезінде ұйықтап жатқанын көзім шалып қалады. Осындай ұят әдет кейбір өзге елдерде қалыпты нәрсе деседі. Шынымен, солай ма?
Марат Әділбек, Алматы облысы
Расында, солай екен. Мәселен, Жапонияда күндіз жұмыста, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте немесе кездесулер кезінде бір мызғып, көз шырымын алуды «инэмури» дейді. Еңбекқор, тынымсыз, құс ұйқылы жапондықтар бүкіл уақытын жұмыста өткізетіндіктен, ел көзінше жұмыс орнында сүтпісірім уақыт ұйықтап алуды ерсі қылық деп санамайды. Керісінше, қалғып алған адам жұмысты одан әрі жақсы істейді деп есептейді. Ең бастысы, инэмури кезінде шалқаңнан жата кетпей, тік отырып, азғана уақыт қалғысаңыз жеткілікті. Инэмуридің әлеуметтік мәртебеге байланысты өз ережесі бар. Мысалы, қызметкер өз бастығының көзінше ұйықтап жатса, бейәдеп болады. Ал егер бастығы бағыныштының көзінше қалғып отырса, оның ешқандай ерсілігі жоқ.
Жұмыста ұйықтау ұят емес пе?
Последние статьи автора