Біздің мекемеде көбіне түскі асқа берілетін бір сағат көлемінде де, кешкі мезгілде де жұмыс істеуімізге тура келеді. Осыны заң арқылы дәлелдеп, жұмыс берушіден өтемақы талап етуіме бола ма?
Гүлжан ШӘМІЛ, Алматы қаласы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, тамақтану мен демалуға берілетін еңбек үзілісінің уақыты Еңбек кодексінің 93-бабына сәйкес, ұжымдық, еңбек келісімшарттарымен бекітіледі. Бұл уақыт аралығы жұмыс мезгіліне кірмейді. Жұмыс беруші жұмысшыға тамақтану мен демалу үшін үзіліс жариялауға қолайлы жағдай жасауға не белгілі бір жұмыс көлеміне лайықталған уақыттан кейін қосымша мүмкіндік беруге міндетті. Бұл талап сақталмаған жағдайда жұмыс берушінің әрекеті Еңбек кодексін бұзу болып табылады.