Жұмысқа шықсам, жәрдемақы тоқтатыла ма?

Жұмысқа шықсам, жәрдемақы тоқтатыла ма?

Бала бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақыға құжат тапсырайын десем, «декреттік демалыс біткенше құжаттар қабыл­да­май­­мыз немесе жұмыс орнынан ары қарай бала күтіміндегі ақысыз дема­­лыс­қа кеткеніңіз туралы бұйрық алып келіңіз» дейді. Осы талап заң­ды ма? Егер бала туылғаннан кейін екі-үш айдан соң жұмысқа шы­ғып кетсем, онда бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тоқ­татыла ма?
Шырайгүл ӨМІРЗАҚОВА,
Алматы облысы
Сарапшы маманның айтуына қара­ғанда, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айы­рылған жағдайда төленетiн әлеу­меттiк төлемдi (бұдан әрі – ӘТбк) тағайын­дау үшiн сіз бала туылған күннен бастап 12 ай ішінде тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөнін­дегі мемлекеттік орталықтың бө­лім­шесіне барып, қажетті құжаттармен қо­са өтiнiш білдіре аласыз.
Заңның 23-2-бабының 3-тармағына сәй­кес, ӘТбк тағайындау үшін қажетті құжат­тардың бірі болып бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста екендігі туралы жұмыс беру­ші бұйрығының үзінді көшірмесі (бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу фак­тісін растайтын құжат) табылады.
Сондықтан ӘТбк тағайындау үшін Заң­мен белгіленген құжаттар тізімі ұсынылуы қажет.
Заңның 23-2-бабының 4-тармағына сәйкес, Әтбк баланың туу туралы куәлi­гiн­де көрсетiлген туған күнiнен бастап ол 1 жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста