Мен қазір үш айлық баламды бағып отырмын. Бала бір жасқа толғанға дейін төленетін әлеуметтік жәрдемақыны уақтылы алып отырмын. Алайда жалғыз жолдасымның табысы пәтер жалдап, отбасын асырауға жетпей, қиналып жүрміз. Жұмыс орным бұрынғы қызметіме шақырып жатыр. Сол себепті бұрынғы жұмысыма қайта шықсам ба деп отырмын. Осы орайда менің білгім келгені, қайта жұмысқа шықсам, балаға төленіп отырған әлеуметтік жәрдемақы тоқтатылмай ма?
Айзада ӘМІРҚҰЛОВА, Ақтау қаласы
Сарапшы мамандардың мәліметінше, бір жасқа дейінгі бала күтіміне орай, қордан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – ӘТбк) бала туылған күннен бастап оның бір жасқа толған күніне дейінгі кезеңге тағайындалады. Осыған орай, қолданыстағы міндетті әлеуметтік сақтандыру аясындағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік төлем алушы жұмысқа шыққан немесе қосымша табыс алатын жағдайларда әлеуметтік төлем төлеу тоқтатылмайды.
Жұмысқа шықсам, әлеуметтік төлем тоқтай ма?
Последние статьи автора