Мемлекеттік мекемедегі штат бірлігі қысқарған кезде жұмыс беруші жұмысшыны әлеуметтік жағдайына және мамандығына байланысты білім алып жатқанына қарамастан, жұмыстан қысқарта ала ма? Қысқартқан жағдайда есептік еңбекақысы қалай төленеді?
Оразғали АХМЕТҚАЛИЕВ, Атырау облысы
ҚР Еңбек кодексінің 185-бабына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын қызметкерлер саны немесе штатын қысқарту негіздемесі бойынша бұзуға тек жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен ғана бұзуға жол берілмейді.
Аталған бап бойынша қызметкермен еңбек шартын бұзу жұмыс беруші тарапынан Еңбек кодексінде көзделген келесідей процедуралардың сақталуымен жүзеге асырылуы тиіс.
Кодекстің 56-бабына сәйкес, егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші қызметкерлер штатын қысқарту бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
Еңбек шарты осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келіскен жағдайда жұмыс беруші оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.
Кодекстің 157-бабына сәйкес, жұмыс берушi қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.
Еңбек шартын жасасу кезiнде жұмыс берушi еңбек жағдайлары туралы дәйексiз ақпарат берген не жұмыс берушi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс берушi қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.
Жұмыс орны қысқарғанда есептік еңбекақы қалай беріледі?
Последние статьи автора