Жұмыс орны қысқарғанда есептік еңбекақы қалай беріледі?

Жұмыс орны қысқарғанда есептік еңбекақы қалай беріледі?

Мемлекеттік мекемедегі штат бірлігі қысқарған кезде жұмыс беруші жұмысшыны әлеуметтік жағдайына және мамандығына байланысты білім алып жатқанына қарамастан, жұмыстан қысқарта ала ма? Қысқартқан жағдайда есептік еңбекақысы қалай төленеді?
Оразғали АХМЕТҚАЛИЕВ,
Атырау облысы
ҚР Еңбек кодексінің 185-бабына сәйкес, жұмыс беру­шінің бастамасы бойынша еңбек шартын қызмет­керлер саны немесе штатын қысқарту негіз­демесі бойынша бұзуға тек жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мү­гедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана­лармен, аталған балалар санатын анасыз тәр­биелеп отырған өзге де тұлғалармен ғана бұзуға жол берілмейді.
Аталған бап бойынша қызметкермен еңбек шартын бұзу жұмыс беруші тарапынан Еңбек кодексінде көзделген келесідей процедуралардың сақталуымен жүзеге асырылуы тиіс.
Кодекстің 56-бабына сәйкес, егер еңбек шар­тында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші қызмет­керлер штатын қысқарту бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
Еңбек шарты осы Кодекстің 54-бабы 1-тар­мағы­ның 2) - 4) тармақшаларында көзделген не­гіз­­дер бойынша бұзылған кезде, қызметкер ке­ліскен жағдайда жұмыс беруші оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.
Кодекстің 157-бабына сәйкес, жұмыс берушi қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.
Еңбек шартын жасасу кезiнде жұмыс берушi еңбек жағдайлары туралы дәйексiз ақпарат берген не жұмыс берушi Қазақстан Респуб­ликасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс берушi қызметкерге жұмысынан айы­рылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста