Жүкті әйел іштегі баланың жеті айлығына дейін жұмыс істеуге құқылы. Дегенмен ол өзін жақсы сезінген жағдайда баланың 8-9 айлық кезіне дейін жұмыс жасауына рұқсат па?
Ардақ ӘШІРБАЕВА, Шымкент қаласы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы №556 «Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын медициналық ұйым әйелге жүктіліктің 30-аптасынан бастап береді. Науқастық қағазы – жұмысшының уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын және сол күндер аралығында жұмыстан босатуға рұқсат беретін құжат. Демек, осы аралықта жұмысшының жұмыс істеуі ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес келмейді, яғни жұмыс беруші науқастық қағазы берілген әйелдің жұмысты жалғастыруын қамтамасыз ете алмайды. Жұмыс беруші науқастық қағазын әкелген әйелге жүктілігі және босануына байланысты әлеуметтік демалыс беруі керек. Науқастық қағазының берілуіне медициналық ұйым жауап береді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлем көлемі науқастық қағазы берілген күнге дейінгі соңғы 12 ай ішіндегі қорға төленген әлеуметтік аударымдары негізінде есептеледі.
Жүкті әйелдің босану уақытына дейін жұмыс істеуге мүмкіндігі бар ма?
Последние статьи автора