Жол-көлік оқиғасында жүргізуші куәлігі жоқ екені ескеріле ме?

Жол-көлік оқиғасында жүргізуші куәлігі жоқ екені ескеріле ме?

Мен аудан орталығында үлкен жолда келе жатқан көлікті байқамай қалып, жол-көлік оқиғасына түсіп қалдым. Жол полициясы қызметкерлері келіп, құжаттарымызды тексерген кезде жол апатына түскен екінші көлікті басқарған адамның жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Алайда жол полициясы қызметкерлері мені айыпты деп тапты. Сонда ол адамның жүргізуші куәлігі жоқ екені ескерілмей ме? Меніңше, бұл жерде тамыр-таныстық орын алып отырған сияқты...
Салауат МҰҚСАНОВ,
Жамбыл облысы
Заңгер маманның айтуына қарағанда, бұл жерде ешқандай тамыр-таныстық орын алмаған, яғни жол полициясы қызметкерлерінің шығарған шешімі заң шеңберінде орын алған. Жол қауіпсіздігі ережесі бойынша екінші дәрежелі жолда келе жатқан көлік жүргізушісі үлкен жолдағы көлікке жол беруі тиіс. Алайда өзіңіз айтып отырғандай, сіз екінші дәрежелі жолда келе жатып, үлкен жолда келе жатқан көлікке жол бермегенсіз. Яғни жол қауіпсіздігі ережесін бұз­ған­сыз. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған. Демек, жол-көлік оқиғасына сіз кінәлісіз.
Ал екінші көлікті басқарған азамат та жазадан тыс қалмайды. Ол азаматқа жүргізуші куәлігі болмаса  да көлік басқарғаны үшін әкімшілік жаза қолданылады.
Сондай-ақ егер көлік басқа адамға тиесілі болса, онда көлік иесі де жүргізуші куәлігі жоқ азаматқа кө­лікті басқаруға бергені үшін әкімшілік жазаға тарты­лады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста