Мектептегі есепші бас есепшіні ауыстыра ала ма? Ауыстырған жағдайда жалақы қалай төленеді? Мұның заңды негізі қандай? Жоқ әлде директордың қаулысы негізінде төлене бере ме?
Замира Ибрагимова, Жамбыл облысы
Сарапшы мамандардың мәліметіне қарағанда, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі.
Қаулыға 19-қосымшада мамандарға, қызметшілерге және жұмысшыларға лауазымдарды қоса қызмет атқарғаны (қызметтер көрсету аясы кеңігені) үшін қызметкердің лауазымдық жалақысынан 50%-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы белгіленген.
Көрсетілген қосымша ақы мекемелердің басшыларына, олардың орынбасарларына қолданылмайды және лауазымды қоса атқарған қызметкердің өз лауазымдық жалақысынан есептеледі.
Сонымен бірге аталған қосымшада уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы қарастырылған. Оның мөлшері жұмыстың нақты көлеміне қарай анықталады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 130-бабына сәйкес, қызметкер әртүрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегiне неғұрлым жоғары бiлiктiлiк жұмысы бойынша ақы төленедi.
Жоғары лауазымды қоса атқарғандар қандай ақы алады?
Последние статьи автора