Қыз бен жігіттің қарым-қатынасында есте ұстайтын екіжақты қағидалар болатыны заңдылық. Жігіттер нені ұнатпайды, қандай келеңсіздіктерден қашады? Бүгін қыздар қауымына осыған қатысты бірнеше кеңестерді ұсынамыз.
-Жалығу. Күніне жүз рет қоңырау шалып, қайта-қайта хабарлама жаза бермеңіз. Күніне үштен жеті ретке дейін хабарлассаңыз жеткілікті.
-Талғамсыздық. Жігіттердің «талғамсыз» деген пікірін қалыптастыруға не түрткі болуы мүмкін? Бірден аңғару оңайға түспес. Бәлкім олар үшін түрлі түске боялған, қысқа қиылған шаш үлгісі, тырысқан киімдер талғамсыздық белгісі болар… Сондықтан сіз өз жартыңыздың қандай стильді ұнататынын біліп алыңыз.
-Табандылық. Егер жігітіңіз түстен кейін кездесейік десе, қарсылық танытпай келісіңіз. Бірақ кездесуге бірден асығып, жетіп бармай, кешке қарай барыңыз. Олар кешіккенді ұнатпаса да оны кешіреді.
-Тым қалың макияж. Ерін далабын, кірпікке арналған сүрмені жақсы көресіз бе? Бірақ үнемі бояумен, өте қалың макияжбен жүруді әдетке айналдырмаңыз.
-Күйеуге шығу туралы жиі айту. Сәл шыдасаңыз ол күн де алыс емес! Жігіт өзі дайын болғанда ұсыныс жасайды. Бәлкім оның бұл сөзді айтпай жүруіне бір себеп бар шығар… Сондықтан күтіңіз.
-Үнсіздік. Қыздарды, әйелдер қауымын көп сөйлейді дейді. Бірақ, есіңізде болсын, олар үнемі сөйлеп жүргендеріңізді қалайды. Сол себепті ұзақ уақыт үндемей қалмаңыз.