Жібек құпиясы жасырылған ағаш
Ел арасында тұт ағашын киелі санайды. Осы рас па, тұт несімен киелі, несімен пайдалы?
Жанат БАТЫРХАНҚЫЗЫ, Шымкент
Тұт ағашы тәтті, адам ағзасына пайдалы жемісімен ғана емес, сонымен қатар жапырағымен да бағалы. Себебі әлемге жібек сынды нәзік те көркем жібек матасын беретін жібек құрты осы тұт ағашының жапырақтарын жеп қоректенеді. Ұлы Жібек жолымен жаһанды жаулаған қытай мұны мыңдаған жылдар бойы құпияда сақтаған. Солайша үш мың жылдан астам уақыт жібек өнімі тек Қытайдан ғана экспортқа жөнелтіліп жатты. Оларда әлі күнге дейін жібек құпиясын ашқан адамға өлім жазасы бар. Құпия толықтай ашылмағанымен, кейіннен жібек өндірісі Жапония, Үндістан, Орта Азия елдеріне ойыса бастады. Жалпы, Орта Азияның халықтары сонау ерте кезден бастап тұт ағашынан музыка аспаптарын жасаған. Ондай аспаптар өте бағалы саналған. Бәлкім, тұт ағашының киелі саналатыны оның орташа өмір сүру жасының – 200 жыл, кейбір түрлерінің 300-500 жылға дейін өмір сүруіне байланысты шығар (Тіпті Иерихонда өсіп тұрғанына 2000 жыл болған әйгілі тұт ағашы бар екен). Себебі қазақ ескіден келе жатқан көне заттарды қасиетті санап, оларда бір кие барын айтады.