Белгілі режиссер Жаңабек Жетіруов Римде өткен кинофестивальда бас жүлдені жеңіп алған екен. Режиссерге бұл жүлде қандай туындысы үшін берілген?
Тұрсын БЕКДІЛДӘ, Қызылорда облысы
Үстіміздегі жылдың 6-14 қазан күндері Италияның Рим қаласында ХІІ Азия елдерінің халықаралық Рим кинофестивалінде режиссер Жәнібек Жетіруов «Аққыз» фильмінің таныстырылымын жасаған болатын. Бұған қоса ол байқау аясында Азияның үздік төрт деректі фильм режиссерлерінің бірі ретінде қысқаметражды фильм түсіру сайысына қатысты.
Арнайы сынақта Ж.Жетіруов «Джульетта және артист» деген тақырыпта сценарий жазып, оны 10 минуттық қысқа көркем фильм ретінде жасап шыққан. Қазылар алқасының шешімімен аталған шағын туынды бас жүлдеге лайық деп танылған. Енді талантты режиссер өзінің «Аққыз» фильмімен 10-17 қараша күндері Үндістанның Калькутта қаласында өтетін XVIII Халықаралық кинофестивальға қатыспақ. Отандық прокатқа кеңінен тарай қоймаса да, «Аққыз» картинасын шетелдік көрермендер мен киномамандар жақсы бағалап отыр.
Жетіруовтың жаңа жетістігі қандай?
Последние статьи автора