«Жетілген сүт» деген қандай сүт?

Бірде теледидардан «нәрестені емізгенде әсіресе жетілген сүттің маңызы өте зор» дегенді естіп қалдым. Осыны түсіндіріп берсеңіздер.
Аяжан,
Ақтөбе қаласы
Ана сүтінің құрамы мен мөлшерінде түрлі өзгерістер орын алады. Босанғаннан кейін алғашқы күндері әйел емшегінен уыз шығады. Уыз – нәрлілігі аса жоғары, ақуыз­ға, витаминдерге, микроэлемент­терге, фременттерге, биологиялық жағынан бел­сенді заттарға бай сарғыштау келген қой­мал­жың зат. Уыз жаңа туған нәрестені им­мун­дық жағынан түрлі аурулардан қор­­ғау­ды қамтамасыз етеді, себебі оның құрамында өте көп мөлшерде иммуно­глобулиндер мен антиденелер бар. Оның құрамында функционалдық жағынан әлі пісіп жетілмеген ішектің дамуына ықпал­дасатын өсу факторлары – тағамның жыл­дам ыдырауына әрі сіңірілуіне көмектесетін ферменттер бар.
Ана сүтінің құрамы кейін біртіндеп өзгеріп, мөлшері көбейеді. Әуелі уыздан сүтке ауысады, ал содан соң (шамамен екінші аптаның соңына қарай) жетілген сүт шыға­тын болады. Оның құрамында майлар мен лактоза көбірек болады. Жетілген сүт әуелгі және кейінгі болып бөлінеді. Әуелгі сүтте ақуыз, микроэлементтер, витаминдер ба­рын­ша мол болады, сүттің қуаттылық құндылығы осы майларға байланысты. Кейінгі жетілген сүттің құрамында сондай-ақ су болады, ол тіпті жазғы аптап ыстықта да баланың шөлін қандырады. Сондықтан емшек емізетін аралықта сәбиге су немесе шай ішкізудің қажеті жоқ. Емізген кезде сәбиге емшек сүтінің толық бөлігін берудің маңызы зор. Сонда бала ағзасы бар­лық қажетті нәрлі заттармен толығады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста