Мен мектепке зертханашы болып жұмысқа тұрдым. Білімім жоғары. Маған жалақы қай санат бойынша төленуі керек? Есепші «G-13 санаты бойынша ақы төленеді» дейді. Осы дұрыс па?
Қамқа ҚАРАТАЕВА, Қарағанды облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Қаулыда бекітілген Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне сәйкес, біліктілігі жоғары деңгейдегі зертханашыға еңбекақы төлеу G-10 санаты бойынша жүргізіледі.
Бүгінде БЛЖ мөлшері 13 613 теңгені құрайды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолданылатын коэффициенттер қаулыға 2-қосымшада бекітілген.
Білім саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайлары үшін төленетін қосымша ақы мен үстемеақылар – қаулыға 4-қосымшада, ал санаты үшін қосымша ақы 19-қосымшада қарастырылған.
Зертханашыға жалақы қай санат бойынша төленеді?
Последние статьи автора