Жерік асты жемесе не болады?

Жерік асты жемесе не болады?

Қазақ ертегілерінде жүкті әйел аюдың жүрегіне, қасқырдың етіне жерік болыпты деген мысалдар жиі кездеседі. Менің білгім келетіні, жерік асты жемесе не болады?
Ақтоты Сыдықбекова, Алматы облысы
Тілімізде «жерік асын жегендей бал­бырады», «жерік асы табылғандай қуанды» дейтін сөз тіркестері адамың ерекше қуанған, рақатқа бөленген сәтін білдіреді. Келіншектің бойына бала біткенде асқа тәбеті шаппай, жиі-жиі лоқсып, құса берсе, бұл – жерік болу. Ал осы кезде оның бір тамаққа ықыласы керемет күшті болып, соны қатты іздесе, бұл – жерік асы. Яғни болашақ ананың аңсары ауған тағамы табылып, соны құмары қанып жесе, еш нәрсемен салыс­тыруға келмейтін ғажайып рақат сезімге бөленеді. Қазіргі медицина тілімен жеткізсек, жеріктік – жүкті әйелдің ағзасында дәрумендер мен минералды заттарға деген ­ қажет­тіліктің қалыпты мөлшерден арт­қанда пайда болатын құбылыс. Жерік асын құмарлана жей алмаған, жерігін баса алмаған әйелдің көңілі орнына түспейді және балалары әлжуаз, аурушаң, тіпті кемтар тууы да мүмкін екен. Демек, жүкті әйелдің жерік асын жеуі құр­сақтағы сәбидің денсаулығы үшін өте пайдалы. Егер халық даналығына сенер болсақ, сәбилердің аузынан сілекейінің ағуы анасының жүкті кезінде жерік асын жемеуінен болады. Әжейлердің айтуынша, әйел іштегі баласының көзі бітерде жерік болатын көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста