Жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керек – мамандар кеңесі
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қазақстандықтарға жер сілкінісі болған жағдайда одан қорғану жөнінде кеңес берді.
Мамандар жер сілкінісінен ғимарат тербеле бастағанда дүрлігуге болмайтынын атап өтті. Үйде, жұмыста, көлікте және көшеде болған кезде әрекет ету жоспарын алдын ала ойластыру керек.
Пәтердегі ең қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап, жер сілкінісі болған жағдайда үйден шығудың қауіпсіз жолын жоспарлаңыз. Оның кез келген уақытта болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
Алғашқы медициналық көмек қобдишасын дайындап, көмек көрсету әдістерін меңгеріңіз. Құжаттарды, ақшаны, ысқырықты, қалта шамын және қосалқы батареяларды ыңғайлы жерде ұстаңыз. Үйде бірнеше күнге жететін ауыз су мен консервілер болу керек.
Терезелер мен ауыр жиһаздардың жанында тұрмаңыз. Кереуеттерді терезелерден, сыртқы қабырғалардан, айналардан және құлап кетуі мүмкін ауыр заттардан аулақ қойыңыз. Пәтерлердегі шкафтарды, сөрелерді дұрыстап бекітіңіз.
Қауіпті заттарды (улы химикаттар, тез тұтанатын сұйықтықтар) қауіпсіз, жақсы оқшауланған жерде сақтаңыз.
Барлық тұрғын қажет болған жағдайда электр қуатын, суды өшіру үшін су кпорттарының қай жерде екенін білуі керек.
Жер сілкінісі кезінде ғимараттың төбесіне көтерілуге, баспалдақ алаңдары мен баспалдақтарға жиналуға болмайды.
Егер сіз үйде болсаңыз, жазу үстелінің немесе асхана үстелінің астына жасырыныңыз. Бір қолыңызбен үстелдің аяғынан ұстап, екінші қолыңызбен мойын мен басыңызды жабыңыз. Жер сілкінісі кезінде үстел алыстап кетпеуі және қорғаныссыз қалмау үшін үстелдің аяғын ұстап тұру маңызды.
Ішкі есіктің орнында немесе бөлменің бұрышына тұрыңыз. Құлаған үйінділерден сақ болыңыз.
Салбырап тұрған балкондардан, карниздерден аулақ болыңыз, үзілген сымдардан сақ болыңыз. Жер сілкінісі кезінде шкафтар, теледидарлар, микротолқынды пештер, тоңазытқыштар құлап кету қаупі жоғары. Олар, мысалы, басыңызға құлап, ажал құштыруы мүмкін. Сондықтан аулақ болыңыз.
Неліктен жер сілкінісі кезінде ғимараттан жүгіріп шықпау керек?
Сейсмолог Люси Джонстың айтуынша, сырттағы адамдар ғимараттағыларға қарағанда көбірек зардап шегуі мүмкін. Балкондар мен қасбеттердің құлауы құрбандардың көбеюіне әкеледі. Мысалы, 2003 жылы болған жер сілкінісі кезінде екі әйел киім дүкенінен жүгіріп шығып, кірпіш пен сылақтың астында қалды. Кейінірек олар іште қалса, аман қалатыны анықталды.
Егер сіз үйде болсаңыз, терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз.
Егер балалар сізбен бірге болса, оларды кеудеңізбен жабыңыз. Шамдарды, сіріңкелерді, оттықтарды пайдаланбаңыз, егер газ шығып жатса, өрт шығуы мүмкін. Салбырап тұрған балкондардан, карниздерден аулақ болыңыз, үзілген сымдардан сақ болыңыз.
Егер сіз ашық жерде болсаңыз, электр желілерінен, ғимараттардан, автомобильдерден және басқа қауіптерден аулақ болыңыз. Төмен түсіп, басыңызды жабу арқылы сіз өзіңізді ұшып жатқан заттардан қорғайсыз.
Электр желілерінен, ғимараттардан және ағаштардан аулақ болыңыз.
Егер сіз көлік жүргізіп келе жатсаңыз жол жиегіне тұраққа қойыңыз және барлық төрт дөңгелекті бұғаттайтын қол тежегішін пайдаланыңыз.
Сымдардан, көпірлерден, электр желілерінен, белгілерден және басқа қауіптерден аулақ болыңыз. Егер сіз көлік жүргізсеңіз, жолдың шетіне бұрылып, тоқтаңыз. Салбырап тұрған қауіпті жерлерге (мысалы, көпірлердің, электр желілерінің немесе үлкен жол белгілерінің астында) тоқтамаңыз.
Егер сіз театрда немесе стадионда болсаңыз, орындықтың алдына жерге отырыңыз немесе мүмкіндігінше еңкейіңіз. Содан кейін басыңызды қолыңызбен жауып, жердің сілкінуі тоқтағанша мойныңызды жібермеңіз.
Жақындап келе жатқан жер сілкінісінің белгілері:
ғимараттың теңселуі,
шамдардың тербелуі,
ыдыс-аяқтың шылдырлауы,
сынған әйнектің, жарылған қабырғалар мен құлаған заттардың дыбысы,
дүрілдің күшеюі.
Жер сілкінісі туралы отбасыңызбен сөйлесіңіз және әрбір отбасы мүшесі жер сілкінісі кезінде және одан кейін не істеу керектігін білетініне көз жеткізіңіз. Жер сілкінісінен кейін қай жерде кездесетініңізді жоспарлаңыз. Жер сілкінісі басталған кезде жасырынатын үйіңіздегі қауіпсіз орынды анықтаңыз. Сондай-ақ сіздің аймағыңыздан немесе ауылыңыздан эвакуациялаудың ең жақсы екі жолын анықтаңыз. Биік үйлердің қайсысы, электр желілерінің тіректері және т. б. бұзылған жағдайда жолды жауыптастауы мүмкін екенін бағалаңыз.
Жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді, өрт краны немесе өрт сөндіргіштің қай жерде екенін, электр қуатын, суды және газды қалай және қашан өшіру керектігін, ең жақын өрт сөндіру командасы немесе құтқару қызметі қайда екенін біліп алыңыз.
Жұмыстағы, мектептегі немесе отбасыңыз уақыт өткізетін басқа жерлердегі эвакуация жоспарын біліңіз.
Егер сіздің үйіңіз қирап қалса, не істейтіндігіңізді алдын-ала білгеніңіз жөн.
Әрбір отбасы мүшесінің өзінің кезекші сөмкесі болуы керек:
дәрі-дәрмектер (дәрі қобдишасы);
ақша;
құжаттар;
өзіңіз туралы байланыс деректері және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың байланыс телефондарының тізбесі;
ауыз су (күніне әр отбасы мүшесіне кемінде төрт литр);
ысқырық;
қол шам, қосалқы батареялар;
консервілер мен герметикалық пакеттердегі өнімдер;
жылы заттар, көрпе, етік, шұлық және т. б.