Мен мемлекеттік кәсіпорында мамандарды бақылаушы инспектор болып қызмет атқарамын. Кәсіпорында зейнеткерлік жасқа жеткен күзетші жұмыс істейді. ҚР Еңбек кодексінің 240-бабы, 1-тармағы зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыскермен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі болып табылады делінген. Осы тармақты негізге ала отырып, жұмыскермен еңбек шартын тоқтатуға бола ма?
Аида ӘМІРХАН, Жамбыл облысы
ҚР Еңбек кодексінің 240-бабына сәйкес, қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшiн осы кодексте белгiленген негiздермен қатар, азаматтық қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетуi олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негiзi болып табылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысымен бекітілген Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесінде күзетші (сторож) лауазымы енгізілмеген. Тек қана күзет қызметкері (охранник) қызметші лауазымы көзделген. Яғни күзетшілер азаматтық қызметшілер санатына жатпайды.
Сондықтан оларға қатысты 240-бабының нормалары қолданылмайды.
Зейнеткермен еңбек шартын тоқтатуға бола ма?
Последние статьи автора