Зейнетақы жинағын мұра етіп қалдыруға бола ма

Зейнетақы жинағын мұра етіп қалдыруға бола ма

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке есепшоттағы ақша салымшының мүлігі болып саналады. Ол адам қайтыс болса да, мерзімсіз сақтала береді. Алайда заң бойынша қайтыс болған адамның зейнетақы жинағын мұра етіп алуға болады. Sputnik Қазақстан тілшісі заңның негізгі талаптарын зерделеп көрді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Зейнетақы жинағын алу тәртібі

 

Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес, міндетті зейнетақы жарнасының салымшылары өзінің зейнетақы жинағын мұраға қалдыра алады. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда ол ақшаны заң бойынша мұра етіп алуға болады.

 

Қазақстан заңнамасына сәйкес, қайтыс болған адамның отбасы мүшелері ғана мұрагер болып саналады. Зейнетақы жинағын мұра етіп алу үшін алдымен БЖЗҚ-ның кеңсесіне барып, өтініш жазу керек.

 

Құжаттар:

 

*  зейнетақы жинағы бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат;

*  мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде зейнетақы жинағы бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинағы бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

*  ақпараттық жүйелерде өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда өтініш беруші мен қайтыс болған адамның туыстық қатынасын растайтын құжаттың түпнұсқасы;

*  отбасы мүшесінің банктік шоты туралы мәліметтер.

 

Ал отбасы мүшесі кәмелет жасқа толмаса, өтінішті заңды өкілі береді. Ол үшін қосымша құжаттар қажет болады. Олар:

 

*  кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

*  кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) - ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі;

*  заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;

*  ата- анасы болмаған кезде – қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат.

 

Заң бойынша зейнетақы төлемдерінің мұрагері әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болса, зейнетақы жинағы мұрагердің банк шотына ғана аударылады. Ал Салық кодексіне сәйкес, зейнетақы төлемдері салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.

 

Мұрагер болмаса, зейнетақы жинағының тағдыры не болады

 

Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес, егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұра алу құқығы болмаса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады. Ал иесіз қалған мүлік мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке өтеді.

 

Коммуналдық меншікке түскен иесіз қалған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу шараларын уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

Иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинағын алуға сот актісі бойынша жүгінген адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжат тапырған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.

 

Жерлеуге арналған біржолғы төлем

 

БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері (2023 жылы - 324 300 теңге) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан асырмай, жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

 

Ал жерлеуге арналған біржолғы төлем берілгеннен кейін қайтыс болған адамның зейнетақы жинағының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспаса, ол ақша да қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста