Жазба тарихтың ең алғашқы бастауында қандай тұлғалар тұрғанын білгім келеді.
Риза, Қаскелең қаласы
Ежелде тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын тарихшылар болған. Қазақ халқы оларды шежірешілер деп атаған. Десе де, сіз сұрап отырған жазба тарихтың негізін салушы ретінде б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы, жиһанкезі Геродотты айтуға болады. Ол алғаш болып «Тарих» атты еңбек жазды. Ал Шығыста тарихтың атасы ретінде Сыма Цянь аталады. Ол б.з.б. 145-86 жылдар аралығында өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» («Ши цзи») қалдырды. Мұнымен қоса, бұл тұлғалардың сапына көне замандардан бастап, ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад-Динді қосуға болады. Ол кісі 1247-1318 жылдар аралығында өмір сүріп «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») кітабын жазды. Бұл кітап Ұлы дала өркениетінің көшбасшылары Алаша хан, Уыз хан туралы аңыз-деректерден басталады.
Жазба тарихтың тарихы қашаннан басталады?
Последние статьи автора