Жастық мамығын қалай тазалайды?
Үйімде мамық жастықтарым бар еді. Оларды кір жуатын орынға алып барайын десем, мамығын кетіріп, өңін құртып тастай ма деп қорқамын. Сұрайын дегенім, мамық жастықтарды қолдан қалай тазартуға болады?
Сәуле КҮМІСБЕКОВА, Алматы қаласы
Жастық мамығын майда тесікті үлкен қапқа салады да, оның аузын тігеді. 400 грамм сабынды бір шелек суда ерітіп алып, оған бір шай қасық мүсәтір спиртін құйып жұмсартады. Дайындалған ерітіндіге қапты жарты сағат бойы салып қояды. Егер оған мамық кірі кете қоймаса, онда жаңағы әдісті тағы да қайталайды. Сонымен қатар жастық мамығын тазалау үшін синкатол препаратын қолданады. Құрамы: синтанол–ДС-10–5 пайыз, катапин-бактерицид –10 пайыз, су – 85 пайыз. Айтылған препаратпен тазалаудың зор гигиеналық маңызы бар. Жүргізілген сараптама бойынша, жастықтың 30 пайызға дейін шаң, көптеген микроорганизмдердің ұясы болатыны анықталды. Синкатол жастыққа тек дезинфекция жасап қоймай, сонымен қатар антистатикалық қасиет береді. Сондықтан шаң-тозаңның жабысуы азаяды.