Спорт түрлері ішінде самбоны ерекше ұнатамын.
Мұрат Зекенұлы, Алматы қаласы
Самбодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты Жетісу өңірінің бас қаласындағы «Өркен» спорт кешенінде ойдағыдай өтті. Толық мәліметті білу үшін Алматы облысы самбо федерациясының президенті Болат Қожахметовқа хабарласып, төмендегідей жауап алдық:
– Бұл біріншілікке еліміздің 11 облысынан 150-ге жуық самбошы қыз-жігіттер келді. Екі күнге созылған белдесулер қорытындысы бойынша мына жігіттердің бағы жанды: Мадияр Нұрбеков (52 келі), Қан Қуаныш (57 келі), Ердос Қалдыбаев (62 келі), Әлімжан Әбдірайымов (74 келі), Саят Шәмшиев (82 келі), Руслан Абдулахат (90 келі), Жомарт Фазилов (100 келі) және Айдос Қаңлыбаевтар (+100 келі). Сонымен қатар қыздарымыз да 9 салмақ дәрежесінде ел чемпиондарының есімдерін анықтады, – деді.