Жол-көлік апаты немесе басқа да төтенше оқиғалар кезінде жарақат алған адамды ауруханаға я болмаса қауіпсіз жерге жеткізу керек болады. Сондай кезде жараланушыны тасымалдаудың ережесі бар ма?
Асқар МАМЫРБАЕВ, Ақтөбе облысы
Құтқарушылардың айтуынша, оқыс оқиғаға ұшыраған адамды тасымалдау қажет болғанда оның алған жарақаттарын ескеру маңызды. Егер адам бас, омыртқа және аяқ жарақатын алса, оны шалқасынан жатқызып, тасымалдау қажет. Арқа, бел омыртқасы зақымданып, есінен танған адамды етпетінен жатқызған дұрыс. Зардап шегушінің іш құрылысына ашық зақым келсе және жамбас сүйегі сынса, оны шалқасынан жатқызып, тізесін бүктіреді. Жарақатынан қан кетіп, талып құрысқан адамды да шалқасынан жатқызып, аяқ жағын жоғарылатып, басын төмендеткен абзал. Мойын омыртқасы зақымданған адамды жүресінен отырғызып, тасымалдау керек. Зәр шығару, тыныс алу органдары мен ішектеріне зақым келген адамды да жүресінен отырғызып, тасымалдайды.
Жарақат алған адамды тасымалдағанда нені білген жөн?
Последние статьи автора