Науқастанып бір ай ауруханада жаттым. Ауырғаныма байланысты еңбекке жарамсыздық парағын алып, жұмыс орнына тапсырдым. Сырттай естігенім, мұндай жағдайда жалақы 50 пайыз төленеді дейді. Осы орайда менің білгім келгені, еңбекке жарамсыздық парақшасы бойынша төленетін ақы қалай есептеледі?
Мырзабек ЕСЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасы сарапшысының мәліметінше, әлеуметтік жәрдемақы тағайындау тәртібі және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес айқындалады (бұдан әрі – Ереже).
Ереженің 5-тармағына сәйкес, жәрдемақы еңбекке қабілетсіздігінің алғашқы күнінен бастап еңбекке қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектігін белгілегенге дейін жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.
Ереженің 7-тармағына сәйкес, нақты қызметкердің айлық жәрдемақысының мөлшері оның орташа күндік жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес төленуге жататын жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.
Орташа күндік жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 қаулысымен айқындалады.
Осы Ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтындағы «Нормативтік-құқықтық база» айдарында орналастырылған.
Жарамсыздық парағы бойынша төленетін ақы қалай есептеледі?
Последние статьи автора