Құрметті редакция, менің білгім келетіні – жол-көлік апатына ұшырап, жарамсыз болып қалған көліктің бөлшектерін сату үшін қандай құжаттамалар қажет?
Айбек, Алматы қаласы
Заңгерлердің айтуынша, жол-көлік апаты орын алған жағдайда жол сақшылары арнайы шақыру тобымен комиссия құрып, көліктің апаттан кейінгі жағдайына баға береді. Егер темір тұлпарыңыз, шын мәнінде, жарамсыз күйде болса, қолыңызда жол полициясының арнаулы шешім қағазы болуы тиіс, егер болмаған жағдайда бағалаушы кәсіпорындардың көмегіне жүгініп, көліктің жарамсыздығын растайтын құжат аласыз, соңынан көлік тіркелген аймақ бойынша салық органына барып, көлікті есептен шығаруға міндеттісіз. Көлік есептен шығарылған соң көліктің бөлшектерін сатуға толық құқығыңыз бар. Айта кетер жайт – егер сіздің қолыңызда көліктің жарамсыздығын растайтын құжат болмаса, көлік есептен шығарылмайды!
Жарамсыз көліктің бөлшектерін қалай сатуға болады?
Последние статьи автора