Жапониядағы табиғи апаттан құрбан болғандардың саны туралы әртүрлі ақпараттар айтылып жүр. Табиғи апат құрбандары жайлы нақты мәлімет бар ма?
Дәурен Кеңесбаев, Алматы облысы
Жапониядағы орын алған жойқын зілзала құрбандарының саны 13 мың 949 адамға жеткен көрінеді. Бұл туралы сейсенбі күні ұлттық полиция агенттігі хабарлаған.
Ведомство есебіне сүйенсек, қаза болғандардың басым бөлігі – Мияги (8460 адам), Иватэ (4008) және Фукусима (1418) префектураларының тұрғындары.
Із-түзсіз жоғалғандар тізімі күн сайын қысқарып келеді. 4938 адам зардап шеккендер есебінде.
Күшті дүмпулер кезінде 188 мың үй бүлініп, 61 мың адам жер жастанған болатын.
Күшті тербелістер Жапонияда әлі күнге тоқтай қойған жоқ.
Сәуір айы басталғалы бері ел аумағында күші 6 балдан асатын төрт жер сілкінісі болған. Бұл кейбір атом стансыларының жұмысына кері әсер етті.
Ал «Фукусима-1» стансысындағы реакторы мүлдем істен шықты.
Жапон елінде болған апат құрбандары жайлы нақты мәлімет бар ма?
Последние статьи автора