Жаңғақ түрлерін өндіруден қай елдер алда?
Жаңғақтардың фундук, каштан, пісте сияқты неше түрі бар. Базарларда бұлардың қай-қайсысының да бағасы арзан емес. Білгім келетіні, жаңғақтардың қай түрі қымбат саналады және жаңғақ өндіруден қай елдер әлемде көш бастайды? Қазақстанда жаңғақтар өндіріле ме?
Жұмагүл МАҚСАТ, Астана қаласы
Грек жаңғақтарын өндіруден әлемде Қытай мен АҚШ көш бастайды. Әлемдік өндіріс жылына 1,5 млн тоннаны құраса, оның 46%-ы – аталған екі елдің үлесінде. Жаңғақтың басқа түрлері бойынша Иран, АҚШ, Түркия, Сирия, Қытай, Грекия, Ауғанстан және Тунис елдері алда. Нарықта жаңғақтардың ең қымбат түрі – макадамия. Бір кездері Австралияның байырғы тұрғындарының негізгі асының бірі болған бұл өнімді ғылым ағзаға аса пайдалы деп танып отыр. Қымбат жаңғақ Австралия, Бразилия, ОАР, Гавай аралдары мен АҚШ-та өседі. Қазақстанда жаңғақ түрлерін дайын өнім ретінде өндіретін бірнеше компания қызмет етеді.