Заңды тұлғалар келісім шартқа отырғанда бір-бірімен АҚШ долларымен есеп айырыса ала ма?

Заңды тұлғалар келісім шартқа отырғанда бір-бірімен АҚШ долларымен есеп айырыса ала ма?

Менде мынадай сұрақ бар еді: Заң бойынша жергілікті заңды тұлға болып тіркелген шетелдік компания басқа жергілікті заңды тұлғалармен келісім шартқа қол қойған кезде АҚШ долларымен келісім шартқа отыра ала ма?

Асылзат, Алматы қаласы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 282 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай мiндеттемелер теңгемен көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңының 38 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табылады. Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бойынша қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады. Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма-қол төлеп және қолма-қол төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 282 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезiнде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалған жағдайларда және шарттарда немесе оларда белгiленген тәртiппен жол берiледi.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады. Алайда бұл бапта валюталық операциялар жүргізілуі мүмкін жағдайлар көрсетіледі. Оларға:
• тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болатын операциялар;
• өздеріне берiлген лицензияға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар;
• валюталық операциялар жүргізу жөнiндегі банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасымен банктiк қызмет көрсету көзделетін шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеу;
• номиналдық құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;
• тазартылған құйма алтынды сатып алу және сату жөніндегі операциялар;
• аударым аккредитивтерiн ақы төлеу нысаны ретінде пайдаланған кезде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;
• шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;
• бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызмет көрсету кезінде есеп айырысуға байланысты операциялар;
• жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;
• жеке тұлғалардың ақшаны өтеусiз аударуы немесе валюталық құндылықтарды жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметi қайырымдылық қызметiн жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға өтеусiз беруi;
• жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банк салымдарын енгізуi;
• Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен көзделген жағдайларда салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердi төлеуге байланысты операциялар.
Аталған тізім толық болып табылады, ал қалған резиденттер арасында жасалатын операциялар тек ұлттық валютада жүзеге асырылуы тиіс.

meninkyzmetim.ucoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста