Бұрынғы уақытта әжелеріміз жауын суына шаш жуған екен. Шаштың ашылып, әдемі болуы үшін оның пайдасы зор болғаны ғой?
Әсел ТҰРАРБЕКҚЫЗЫ, Алматы облысы
Жаңбыр суы жуынуға ең қолайлы табиғи су саналған. Өйткені оның құрамында еріген тұздар болмайды, сондықтан жұмсақ. Кермек сумен сабын әрекеттескенде, ерімейтін тұз түзеді және олар шашты жуғаннан кейін көпке дейін кетпейді. Сондықтан мұндай суды алдын ала жұмсартқан жөн. Ол үшін 2 литр суға екі қасық сода салса, ол жұмсарып, кермектігін азайтады. Әрине, дерматологтер жауын суын күнделікті пайдаланбау керектігін, оны қазіргі заманғы препараттармен алмастыру қажеттігін де ескертеді.