Жаңбыр суының шашқа пайдасы бар ма?
Бұрынғы уақытта әжелеріміз жауын суына шаш жуған екен. Шаштың ашылып, әдемі болуы үшін оның пайдасы зор болғаны ғой? Менің білгім келгені – жауын суының қандай пайдасы бар, оның құрамында қандай заттар болады?
Әсел ТҰРАРБЕКҚЫЗЫ, Алматы облысы
Жаңбыр суы жуынуға ең қолайлы табиғи су саналған. Өйткені оның құрамында еріген тұздар болмайды, сондықтан жұмсақ. Кермек сумен сабын әрекеттескенде, ерімейтін тұз түзеді және олар шашты жуғаннан кейін көпке дейін кетпейді. Сондықтан мұндай суды алдын ала жұмсартқан жөн. Ол үшін 2 литр суға екі қасық сода салса, ол жұмсарып, кермектігін азайтады. Әрине, дерматологтер жауын суын күнделікті пайдаланбау керектігін, оны қазіргі заманғы препараттармен алмастыру қажеттігін де ескертеді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу