Күніне жеті-сегіз сағат компьютердің алдында отырып жұмыс істеймін. Кейінгі кезде көзім қатты талып ауыратын болды. Көзге арналған қандай жаттығулар бар?
Айжан Сағымбаева, Атырау қаласы
Көзге шамадан тыс күш түскен жағдайда көз дәрігерлері жұмыс орнында орындауға ыңғайлы жаттығуларды жасауға кеңес береді. Бар болғаны 3-5 минут уақытты алатын мұндай жаттығулар кестесін профессор Аветисов деген маман қалыптастырған екен. 1. Орындықтың арқасына толығымен шалқайып терең тыныс алыңыз да, алға қарай еңкейіп деміңізді қайта шығарыңыз. 2. Қолыңызбен маңдайыңызды жауып, көзіңізді қатты жұмыңыз да, маңдайыңызды қайта ашыңыз. 3. Екі қолыңызды беліңізге қойып, басыңызды оңға, солға бұрып, екі шынтағыңызға кезек-кезек қараңыз. 4. Көзіңіздің қарашығын сағат тілімен және керісінше, айналдырыңыз. 5. Екі қолыңызды алға созып және жоғары көтеріп, саусақтарыңыздың ұшына қараңыз. 6. Тура алдыңызда тұрған бір затқа көз тоқтатып 3 секунд қарап тұрыңыз да, көзіңіздің қарашығын жайлап мұрныңыздың ұшына ойыстырыңыз. 7. Көзіңізді тарс жұмып, 30 секундтай сұқ саусағыңызбен уқалаңыз.
Жанарыңызға жаттығу жасаңыз
Последние статьи автора